Нариман Әбілшайықов «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Жаңа басшы бүгін, 2022 жылғы 18 ақпанда «Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс IX съезінен кейін тағайындалды.
Бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз өкілеттігін тоқтатқан еді. Бұған дейін Нариман Әбілшайықов «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.
Ұлттық палата басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мақсат Қиқымов тағайындалды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: