«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда «Бастау Бизнес» түлегі балдан бірегей өнім өндіреді

2022 жылғы 04 Ақпан
- Қарағанды облысы
7330 просмотров

Өткен жылы Қарағанды облысында «Бастау Бизнес» жобасына 513 млн теңге бөлінді.  Оқуға 2000 тыңдаушы қатысты. Соның ішінде өңірдің 880 тұрғыны жоба бойынша жеке кәсіпті дамытуға грант алды. Олардың қатарында білікті омарташы  Валентина Юртаева да бар. Кәсіпкер әйел бал негізінде бірегей крем өндіреді.

 Валентина Юртаева балдан өндіретін  пайдалы әрі дәмді өнімді облыстағы барлық ірі дүкен мен супермаркеттен табуға болады. Кәсіпкер бал өндірумен 20 жылдан астам уақыт айналысып келеді. Осыдан 40 жыл бұрын Валентинаның қайын атасы отбасылық бизнесті дамыта бастады, содан кейін жолдасы да ара шаруашылығына қызығушылық танытқан. Қазіргі кезде кәсіпкер әйелдің ұлдары да бұл шаруамен айналысып жатыр.

Өткен жылдың жазында Валентина «Бастау Бизнес» жобасының түлегі болды. Валентина өнім ассортиментін кеңейту бойынша идеяны бұрыннан ойластырып жүрген. Сондықтан кәсіпкер алған грантқа қымбат крем-машина сатып алып, дәмді әрі пайдалы крем-бал өндірісін бастады. Жидектер мен шоколад қосылған өнімдер тәттіқұмарларға ұнады.

 «Бүгінде біз ұсынған өімдер тізбегінде бірнеше жаңа дәм пайда болды. Біз крем-балды таңқұрай, лимон, зімбір, сонымен қатар балалар қатты ұнататын шоколадпен әзірлейміз. Бұл өнім өте пайдалы. Оның құрамындағы бал табиғи. Өзіміздің омартамызда жиналған балды ғана пайдаланамыз. Отбасымыз үшін омарташылық – ата кәсіп. Бізде бал өндіру кезінде өз дәстүріміз қалыптасқан. Омарталарымыз Павлодар облысы, Алтай және еліміздің оңтүстік өңірлерінде тұр», – деді «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Валентина Юртаева.

«Бастау Бизнес» жобасының көмегімен Валентина өнім ассортиментін кеңейтіп қана қоймай, ірі сауда желілеріне де шыға алды. Бүгінде Юртаевтардың өнімдерін Қарағандының супермаркеттері мен дүкендеріндегі сөрелерден табуға болады. Валентинаның айтуынша, пандемияға қарамастан, омарташылар үшін жыл сәтті болды. 10 тоннадан астам бал жиналды. Қазір аралар қысқы ұйқыда, демалып жатыр. Жұмыс жылудың келуімен басталады.

«Кейбір аралар біздің бақшамызда қыстайды. Біз оларға жылы орын дайындадық. Олар біздің «еңбекқор алтындарымыз». Аралар өте ақылды. Ара қашықтығына және бытыраңқы ұшуына қарамастан, кез-келген ара әрқашан өз ұясына оралады. Өндірісті жақсарту және кейбір заманауи нәрселерді қабылдау үшін, биылғы жылы біздің кенже ұлымыз Польшаға барады. Онда ол бүкіл әлемдегі жалғыз омарташылар колледжінде оқитын болды», – деп жоспарларымен бөлісті кәсіпкер.

«Қарағанды өңірінде «Бастау Бизнес» халық арасында сұранысқа ие жоба. Жыл сайын оқуға қатысушылар саны артып келеді. 2021 жылы оқуға 1705 адам қатысты. «Бастау Бизнес» арқылы 880 адам грант алды. Бөлінген жалпы сомасы 513 миллион теңгеден асты», – деді Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

2021 жылы Қарағандыда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тыңдаушылардың алты легі жиналды. Соңғысы қазанда оқуын аяқтады. «Бастаудың» барлық түлегі жеңілдікті несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары бола алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер