InfoKazakhstan сайтында кәсіпкерлер залалды өтеуге 470 өтінім берді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің InfoKazakhstan.kz сайтында берген өніштерін талдап жатыр. 2022 жылғы 25 қаңтардағы сағат 10:00-дегі деректерге сүйенсек, кәсіпкерлер 470 өтініш жіберген.
Бұл өтініштердің 324-іне электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылмаған, 146-сы ЭЦҚ-мен қол қойылған және өңірлік комиссиялардың қарауына түсті.
Қол қойылған өтінімдердің 90%-ы Алматы қаласының, қалған 14-і Шымкент, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының кәсіпкерлерінен түсті.
Өтінімдердің көбі - 42 өтініш зардап шеккен сауда орталықтары мен сауда үйлерінің иесі және жалға алушыларынан түсті. Бизнес-орталықтар мен кеңселердің меншік иелерінен 15 өтінім, азық-түлік емес тауарлар саудасы объектілерінің иелерінен 13, қоғамдық тамақтандыру өкілдерінен 12 өтінім қабылданды.
Қарау тәртібінің түрі бойынша 131 өтініш оңайлатылған тетік бойынша, 15 өтініш сот сараптамасының қорытындысы негізінде қаралатын болады. 146 өтінімнің 52%-ы тауар-материалдық құндылықтарға, 10%-ы жылжымайтын мүлікке, 4%-ы жылжымалы мүлікке залал келтірді деп көрсеткен. Ал өтініштердің 34%-ында залал түрі көрсетілмеген.
25 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы, Шымкент, қалаларында, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында өңірлік комиссиялар құрылды. Бизнеске мүліктік зиян келтіру жағдайлары тіркелген қалған өңірлерде (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары) өңірлік комиссиялар құру туралы мәліметтер ұсынылған жоқ.
Еске салайық, залалды өтеу туралы өтінішті Өңірлік комиссиялар 5 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Мақұлдаған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.
Қаражат өтініш берушіге тиісті шешім қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының Бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген есеп айырысу немесе карточкалық шотқа аударылады.
«INFOKAZAKHSTAN.KZ ПЛАТФОРМАСЫНДА ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУ КЕРЕК» НҰСҚАУЛЫҒЫ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: