«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Залалды өтеу және ІnfoKazakhstan.kz сайтында өтінім беру: кәсіпкердің жиі қоятын сұрақтарына жауап

2022 жылғы 25 Қаңтар
8349 просмотров

«Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының байланыс орталығына 2022 жылғы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залалдың орнын толтыру мәселелері бойынша кәсіпкерлерден сұрақтар келіп жатыр. Сол себепті бизнестің жиі қоятын сұрақтарына жауап жариялаймыз.

1. Бағалау компанияларының байланыс нөмірі қайда ұсынылған?

Алдымен әкімдіктер қандай компаниялар бағалау жүргізетінін анықтайды. Содан кейін тізім және олардың байланыс нөмірі InfoKazakhstan.kz сайтының  «Маңызды ақпарат» бөлімінде, сондай-ақ өңірдегі әкімдіктердің сайтында жарияланады.

2. Өңірлік комиссияда бағалау компанияларының қызметі үшін шотты кім ұсыну қажет? Бағалау компаниясының қызметі үшін шотты InfoKazakhstan порталына жүктеуге бола ма?

Зардап шеккен ШОБ субъектілері әкімдік бекіткен бағалау компанияларының біріне жүгінуі қажет. 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден жәбірленуші деп тану туралы қаулы негізінде бағалау компаниясы өтініш беруші үшін тегін қызмет көрсетеді. Бағалау компанияларының қызметін әкімдік тікелей бағалау компаниясына төлейді, зардап шеккен ШОБ субъектілеріне өтелетін залалдың жалпы сомасына кірмейді. Бағалау компанияларымен шарт жасасуды әкімдіктер жүргізеді. Әкімдіктер бағалау компанияларына алдын ала кепілхат береді, кейіннен жұмыстың орындалу фактісі бойынша бағалаушылардың қызметін төлейтін болады.

Бағалау компаниясына төлем алу үшін ШОБ субъектіне төлем шотын беру қажет, ол InfoKazakhstan.kz сайтындағы өтінімге қоса берілуі тиіс. Өңірлік комиссия қарағаннан кейін төлем шоты әкімдікке беріледі, ол қаражатты шотта көрсетілген деректемелер бойынша жібереді.

3. Бағалау компанияларының тізіліміне қалай кіруге болады?

Сіз өз аймағыңыздың әкімдігіне, атап айтқанда кәсіпкерлік басқармасына хабарласуыңыз керек.

4. Сот сараптамасы не үшін қажет?

Егер сіз нақты келтірілген залал бойынша өтем алғыңыз келсе және ұсынылған өтеудің оңайлатылған нұсқасымен келіспесеңіз (мысалы, орташа айлық айналым негізінде тауар-материалдық құндылықтарға залалды өтеуді есептеу әдістемесімен келіспесеңіз), сот сараптамасы қажет болады. Сот сараптамасы қылмыстық істі тергеу шеңберінде жүргізіледі және оны тергеуші немесе прокурор тағайындайды. Оны анықталған немесе тәуелсіз сот сарапшысы жүргізеді.

5. Егер әртүрлі мекенжайы бар бірнеше объект зардап шексе, қанша өтінім жіберу керек?

Әрбір зардап шеккен жылжымайтын мүлік объекті бойынша жеке өтінім беру қажет. Егер 3 дүкеніңіз болса және олардың 2-еуі зардап шеккен болса, сізге 2 өтінім беру керек. Әр өтінімде сіз тек 1 жылжымайтын мүлік объектін, сондай-ақ тауарлар мен жабдықтарға келтірілген залалды (қажет болған жағдайда) көрсете аласыз.

6. Мүлік бүлінген жағдайда кім өтініш беру керек? Жалға алушы ма немесе жалға беруші ме?

Барлық зардап шеккен объект (жылжымайтын мүлік және жылжымалы мүлік) бойынша өтінімді объектінің иесі береді. Мысалы, егер дүкенге (қабырғалар, витриналар және т. б.) зиян келтірілсе және жалға алушыға тиесілі тауар ұрланса, онда 2 өтінім беріледі:

- дүкен ғимаратына келтірілген залал бойынша – жылжымайтын мүлік иесі;

- тауарларға келтірілген залал бойынша – тауар иесі, яғни жалға алушы.

Егер жылжымайтын мүлік иесі өтінім бере алмаған жағдайда, ол өтеу құқығын белгіленген тәртіппен өзге тұлғаға, оның ішінде жалға алушыға сеніп тапсыруға құқылы.

7. Техникалық тексеру актін кім береді?

Актілерді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитеті аккредиттеген сараптамалық ұйымдар береді және олар InfoKazakhstan.kz сайтының «Маңызды ақпарат» бөлімінде жарияланған.

8. Өңірлік комиссия хатшысының байланыс нөмірін қалай білуге болады?

Өңірлік комиссиялар хатшыларының байланыс нөмірлері  жақын арада  InfoKazakhstan.kz сайтының «Маңызды ақпарат» бөлімінде жарияланады.

9. Өтінімді дұрыс толтырмай, құжатты толық жүктемей, ЭЦҚ кілтпен қол қойғаннан кейін өтінімді кері алуға бола ма?

Құжатқа электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін өтініш берушінің өтінімді кері алуға немесе өзгертуге мүмкіндігі жоқ. Өйткені ЭЦҚ қолтаңбасы өтінімде (мәліметтер мен құжаттар) толтырылған барлық дерекке салынады. Электрон құжаттар болған жағдайда жаңа өтінім жасау қажет, жаңа өтінім жасауға 10 минут кетеді.

Сондықтан ЭЦҚ қол қойғанға дейін барлық құжат пен енгізілген ақпаратты алдын ала тексеруді сұраймыз. Өтінімді сақтап, оны толықтырып, ЭЦҚ-мен қол қоюға болады.

10. Кәсіпкер қанша өтінім бере алады?

Өтінім саны шектеусіз.

11. Егер жылжымайтын мүлік, жабдық және тауар-материалдық құндылықтар (ТМҚ) бүлінсе, қанша өтінім беру қажет?

Жылжымайтын мүліктің 1 нысаны, сондай-ақ соның ішіндегі жабдық және ТМҚ бүлінсе, онда 1 өтінім беруге болады. Залал түрін: жылжымайтын және жылжымалы мүлік/жабдық, ТМҚ деп таңдау жеткілікті.

12. Қызмет көрсету саласының тізімінде сізге қажеті болмаған жағдайда нені таңдау керек?

Өтініш беруші тізбеде нысанның «Басқа» түрін таңдап, қызмет түрі ашылған жолаққа өз бетінше енгізуі қажет. Бұл функция жақын арада ІnfoKazakhstan.kz сайтында қосылады.

13. Егер компания өкілінің қол қою құқығы болса, нотариус куәландырған сенімхатты ұсыну міндетті ме?

Заңды тұлғаның атынан сенімхат басшысының немесе оның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге де адамның қолы қойылып беріледі. Егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен бекітіледі. Сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Жеке кәсіпкерлер үшін нотариалды сенімхат қажет және міндетті.

14. Сараптаманы қай жерден өтуге болады? Егер нысанға бұған дейін полиция өкілдері келген болса, сараптама жүргізу қажет пе?

Егер бұл сот сараптамасы болса, №4 сұрақты қараңыз. Сараптама сот істері шеңберінде тергеуші-прокурор шешімі бойынша іске асырылады.

Егер аккредиттелген сараптама ұйымдары жүргізетін сараптама туралы айтатын болсақ, онда сараптаманы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде аккредиттелген сараптамалық ұйымдары жүргізеді. Бұл ұйымдардың тізімі infoКazakhstan.kz сайтында жарияланады.

Басқа сұрақтар түссе, тізім оның жауабымен қоса толықтырылып отырады.

Өтінішті толтыру, қажетті құжаттарды жинау және өтеу механизмі бойынша мәселелер орын алса, сондай-ақ өңірлік комиссиялар тарапынан өтінімдерді уақтылы қарамау және залалды өтеу мерзімдерін бұзу фактілері туындаған жағдайда Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе «Атамекен» ҰКП-ның 1432 байланыс орталығына хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер