«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

1,8 мыңнан аса кәсіпкер тәртіпсіздіктерден келтірілген залал туралы хабарлады – ҰКП

2022 жылғы 17 Қаңтар
6372 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал туралы деректерді қабылдап жатыр.

2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 9 өңірінде 2164 объектіде орналасқан 1823 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, оның ішінде Алматыда  1876 объектіде орналасқан 1573 субъект бар. Зардап шеккен кәсіпкерлердің көбі микро (675) және шағын (914) кәсіпкерлікке жатады.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1640; қоғамдық тамақтану – 58; қаржы секторы – 86; логистика – 34; БАҚ – 5.

Байланыс орталығына барлығы 8129 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 2252, форс-мажор – 417, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша –31, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 795, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2269. Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәліктер бойынша 829 қоңырау және 226 өтініш түсті.

Еске салайық, зардап шеккен кәсіпкерлерге Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған «Күшіміз бірлікте» қорынан көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар мына реквизиттерді пайдалана алады:

«БанкЦентрКредит» АҚ:

алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ268562203115072353

«БанкЦентрКредит» АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.

 

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ:

алушы: «Күшіміз бірлікте»  қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ52551Z128000206KZT

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер