«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанға 859 турист қайтарылады

2022 жылғы 14 Қаңтар
1985 просмотров

Елде төтенше жағдай енгізілген кезден бастап «Атамекен» ҰКП қазақстандықтарды демалыс орындарынан қайтару ситуациясына мониторинг жүргізді.

 «Туристік Қамқор» корпоративті қордың 2022 жылғы 13 қаңтардағы мәліметтері бойынша, демалысқа ұшып кеткен жаңа туристерді қоса алғанда шетелде 3615 адам бар. 13 қаңтарда Қор елге 717 туристі жеткізді, 14 қаңтарда тағы 492 адамды, 15 қаңтарда  367 туристі қайтару жоспарланған.

 Шетелде қалған туристерді елге қайтару Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы арқылы іске асырылып жатыр. Онда  «Туристік Қамқор» КҚ және туроператорлардың күшімен туристер трансфері, оларға уақытша орналастыру орындары ұсынылды. Қазақстан қалаларына теміржол билеттерін сатып алуға жәрдем көрсетілді. Әуежай мен теміржол вокзалы арасында қатынайтын арнайы автобус іске қосылды. Сонымен қатар Алматы қаласында бүліктен кейін 13 қаңтарда Шри-Ланкадан қазақстандықтарды әкелген алғашқы рейс қонды.  

 Қазақстанда 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілген сәтте БАӘ, Таиланд, Шри-Ланка, Мальдив аралдары, Гоа, Түркия, Доминикан аралдарының курорттарында туроператорлар арқылы ұшқан және қолында туркод бар  7636 отандасымыз дем алып жатқан. «Атамекен» ҰКП күрделі жағдайда тез әрекет етіп, қазақстандық туристерді елге қайтаруда үйлесімді жұмыс істегені үшін туроператорларға, «Туристік Қамқор» қорына, Hilton Garden Inn Astana қонақүйіне алғыс білдіреді.

 Осы ретте әлемде және Қазақстанда коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 15 қаңардан бастап Қазақстанға сырттан келу ережесі қатаңдатылды.

Шетелден келген жолаушылар шекарадан өткенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Бұл ретте жолаушыда COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсының болуы есепке алынбайды. Анықтама қазақ, ағылшын, немес орыс тілінде болуы шарт. Бес жасқа дейінгі балалардан оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған кезде ПТР анықтама сұралмайды. Егер теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болмаған жағдайда Қазақстан азаматтары және ҚР аумағында тұруға рұқсаты бар тұлғалар ұшып шығу әуежайынан бортқа жіберілмейді.

 Бұған қоса, «Атамекен» ҰКП туристік нарық, әуекомпаниялар, сақтандыру нарығы, уәкілетті органдар тарапынан пандемия және ТЖ кезінде саяхаттайтын туристер, сондай-ақ туроператорлар мен турагенттер үшін тәуекелдерді төмендету бойынша қосымша шараларды бірлесіп әзірлеу қажеттігін атап өтті. Шетелде туроператорлар қызметін пайдаланбай, саяхаттап жүрген туристерді шұғыл қайтару механизмі пысықталуы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер