«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бүлік салдарынан бизнеске келтірілген шығын артып келеді

2022 жылғы 11 Қаңтар
4571 просмотров

Дереккөз: Фото: Әлихан Сариев/Тengrinews.kz

Еліміздің бірнеше өңірінде бүлік салдарынан бизнеске келтірілген шығын артып келеді. Тәулік ішінде 1,6 млрд теңгеге көбейіп, 95,3 млрд теңге болды.

Бизнеске келтірілген шығынға қатысты 11 қаңтар сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, Ұлттық палатаның байланыс орталығына 3 507  қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671.

Елдің 9 өңірінде  1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408  субъект.

 Зардап шеккен бизнес салалары:

сауда – 1448;

 қоғамдық тамақтану – 32;

қаржы секторы – 37;

логистика – 9;

БАҚ – 2.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 95,3 млрд теңгеден асты (Алматыда 93,8 млрд теңге).

Айта кетейік, кеше шығынның жалпы сомасы 93,7 млрд теңге болған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер