«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата Президенттің терроршылар мен экстремистерге қарсы қатаң шешімін қолдайды

2022 жылғы 06 Қаңтар
2048 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстанға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін кіргізу шешімін қолдайды.

Себебі жаппай толқулар террорлық шабуылдарға ұласып жағдай ушығып кетті. Олар адамның өмірін қамтамасыз ететін мекемелерді: ауруханалар, азық-түлік дүкендері, банктер, сауда орталықтары мен дәмханаларды және басқаларды  қиратып жатыр. 

Сондай-ақ, қазір Алматыда Қорғаныс министрлігінің әскери-десантшыларына қарсы шабуылдар тоқтамай тұр. Мемлекет басшысы «бұл террористік қаскөйлер шетелде жақсы дайындалған. Олардың Қазақстанға шабуылын агрессия акті деп қарау кергін» атап өтті. Бұл қантөгісті тоқтату үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін кіргізу керек. Әйтпесе, зардап шеккен халық саны арта түседі.  

Сондықтан «Атамекен» ҰКП жағдайдың тұрақталуын және Мемлекет басшысының шешімдерін қолдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер