«Атамекен» билік органдарын бизнесті тәртіпсіздіктен қорғауға шақырады
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп жатыр. Ұлттық палата қазірдің өзінде зиян келтірген жағдайларды тіркеді. Банктерге, мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау фактілері бар.
Бірқатар өңірде енгізілген төтенше жағдай шеңберінде «Атамекен» жергілікті билік пен құқық қорғау органдарын кәсіпкерлердің мүлкін тонау мен тәртіпсіздіктерден қорғауға шақырады.
Сонымен қатар, ҰКП зардап шеккен кәсіпкерлерден палатаға жүгініп, келтірілген зиянның көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды.
Палатада жедел желі жұмыс істейді.
Байланыс: 1432 (тегін желі) 8 8000808010, Whatsаpp: 8 778 870 1432
Пошта: info@atameken.kz
Алматы: 8 7273 310 133
Алматы облысы: 8 7282 401999
Маңғыстау облысы: 8 7292 304040, 8 778 999 23 39
Ұлттық палата Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс режимі бойынша Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарының комендатураларынан ресми ақпарат күтеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: