«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының мемлекеттік органдары алдында бизнестің 80-нен астам мәселесі көтерілді

2021 жылғы 23 Желтоқсан
- Жетісу облысы
5474 просмотров

Талдықорғанда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Алматы облысы прокуратурасының бірлескен жұмысының қорытындысы шығарылды.

Жиында Талдықорған өңірінің кәсіпкерлері прокурордың орынбасары Марат Әбдірахманов, Экономикалық тергеу департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, көлік прокуратурасы, аудандық және қалалық әкімдіктердің өкілдері алдында мәселелер көтеріп, ұсыныстарын айтты.

Бұған дейін осындай кездесулер Іле, Талғар және Панфилов аудандарында жақын маңдағы кәсіпкерлердің қатысуымен ұйымдастырылды. Жалпы, өңірлік палата мен облыстық прокуратураның төрт көшпелі отырысының қорытындысы бойынша 80-нен астам мәселе қаралды.

Кездесу барысында кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздігі туралы айтып, алынған субсидияларды қайтару, тарифтер, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру және басқа да мәселелерді көтерді.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин бірқатар мәселені кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің алаңына шығарылғанын хабарлады.

 

 Кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдау қорытындысы бойынша прокуратура мен «Атамекен» аталған проблемаларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынымдар берді, сондай-ақ бірқатар мәселе ҰКП түйткілді мәселелер тізіліміне енгізу үшін жіберіледі.

 «Облыстық және аудандық сипаттағы мәселелер бойынша біз хаттамаға енгіздік, мәселелерді шешу мерзімдері мен жауапты тұлғаларды анықтадық. Республикалық ауқымдағы мәселелерді орталық мемлекеттік органдармен одан әрі жұмыс істеу үшін Палата мен Бас прокуратураның орталық аппараттарына жібереміз. Сондай-ақ, бүгінгі іс-шараның қорытындысы бойынша басқармалармен бірқатар кездесу жоспарланған», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева.

 Прокурордың орынбасары Марат Әбдірахманов жаңа өзгерістерге байланысты прокурорлар кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар тарапынан араласу фактілері бойынша өтініштерін қарай алатынын атап өтті.

 Еске салсақ, жол картасын жүзеге асыру аясында Бас прокуратурамен жыл басынан бері өңірдің бизнес құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа 65 сигнал келіп түсті. Бұзушылық фактілері бойынша заңдылықты бұзушылықты жою туралы 26 ұсыныс, 6 наразылық енгізілді, жедел-іздестіру іс-шараларының 1 жүйесі іске асырылды, 10 заңсыз актінің күші жойылды, 155 заңсыз тексеру және бақылаудың өзге де нысандары анықталды, 24 заңсыз тексерудің күші жойылды, 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды, 8 230 кәсіпкерлік субъектінің құқығы қорғалды, 20 бизнес субъектінің әкімшілік жауапқа заңсыз тартылуына жол берілмеді, 125 000 теңге сомасына 125 әкімшілік қаулының күші жойылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер