«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау фермерлері субсидиялау бағыттарын қысқартуға қарсы

2021 жылғы 22 Желтоқсан
- Атырау облысы
14662 просмотров

Өңірлік кеңестің АӨК комитетінің отырысы аясында кәсіпкерлер палатасы алаңында Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-ті субсидиялау бойынша жаңа тәсілдері талқыланды.

Ауыл шаруашылығын өндірушілер Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, АӨК саласындағы субсидиялау қағидаларына енгізілген өзгерістерді талқылады. Өңірлік палатаның директоры Нұрлан Сүйінбаев қатысушыларға ұсынылып отырған механизммен таныстырды. Оның айтуынша, жаңа тәсіл рәсімдерді жеңілдету, субсидиялау бағыттарын қысқартуды қарастырады.

 Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы АӨК жобаларын сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Ғалилула Тұрағалиев субсидиялардың түпкілікті өнімге бағдарлануын қолдайды. Бірақ сонымен бірге селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс және жем-шөп құнын арзандату бағыттары бойынша субсидиялауды қалдыру қажет деп санайды.

 «Мал шаруашылығында субсидиялаудың ұсынылп отырған механизмінде субсидияларды алу шарттарына бордақылау алаңдарында тірі малды сатуға қатысты бірінші тармаққа сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да объектілерді қосу қажет. Сондай-ақ мамандандырылған кәсіпорындар, жергілікті атқарушы органдар арқылы жер асты суларын ауыл шаруашылығы қажетіне (құдықтар, ұңғымалар, желілер тарту) пайдалану жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды субсидиялауды жүзеге асыру қажет. Субсидия тапсырылған нысандарды тапсыру актісі негізінде мердігер ретінде мамандандырылған кәсіпорындарға бағытталуы керек», – деп атап өтті Ғалилула Тұрағалиев.

 Ал «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Мұрат Сарманов сатып алынған асыл тұқымды төл үшін инвестициялық субсидия бағытында мал шаруашылығында субсидиялау механизмінің ұсынылып отырған жобасына алынған асыл тұқымды аналық бастың төлін қосу қажет екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, қысқы кезеңде жем-шөп дайындау шығындарының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру қажет. Бұл функцияны жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне беру керек. Субсидиялау қағидалары мен нормативтері жергілікті атқарушы органдар арқылы қалыптастырылғаны дұрыс. Мамандандырылған кәсіпорындар арқылы жер асты суларын ауыл шаруашылығы қажеті үшін пайдалану бойынша жұмыстардың шығындарын субсидиялау бөлігінде жергілікті атқарушы органдар жобадан «Қазсушар» қызмет көрсету міндетін алып тастауы қажет», – деп толықтырды Мұрат Сарманов.

 «Бақай-Құс» ЖШС директоры Әлімжан Балжігітов «асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары» критерийінде жұмыртқаларды сұрыптауға арналған автоматты машинаның болуын алып тастауды ұсынды, өйткені бұл өте қымбат жабдық және оны сатып алуға әркімнің мүмкіндігі бола бермейді.

«Құбашев Е.» шаруа қожалығының Есболат Құбашев субсидиялау бағыттарының қысқаруына қарсы пікір білдірді. Оның пікірінше, селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс, тұқымдық түрлендіру, жасанды ұрықтандыру және жем-шөп құнын арзандатуды субсидиялауды міндетті түрде қалдыру қажет.

  Талқылау соңында Атырау облысы ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшелері жиында айтылған пікірлерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, ұсыныстар топтамасын қалыптастыру және оны әзірлеушілерге жіберу туралы шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер