«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Өскеменнің мектептеріне кәсіптік бағдар беру бөлмелерін ашуға көмектесті

2014 жылғы 13 Мамыр
8096 просмотров

Өскемендегі №11 мектеп-гимназияда өңірдегі алғашқы кәсіптік бағдар беру бөлмесінің ресми ашылуы өтті. Бұл Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен облыстың Білім беру басқармасы жұмысының нәтижесі. Мұнда арнайы монитордан өңірдің кәсіпорындары туралы фильмдер мен роликтер көруге, стенділерде кәсіп түрлерімен танысуға, талап етілетін мамандықтар туралы буклеттер мен кітапшалар алуға болады. 

Ашылуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев қатысты.

Бөлмеде еңбек нарығының жай-күйі бойынша жедел ақпарат көрініп тұратын арнайы мониторлар орнатылған. Мәліметтерді облыстың Еңбекпен қамту орталықтары ұсынып отырады.

«Мұндай бөлмелер жақын арада өңірдің барлық мектебінде жұмыс жасайтын болады. Біздің балаларымыз жұмысшы кәсіптер туралы бірден дұрыс түсінік алу үшін, олардың ел дамуы үшін маңыздылығын түсіну үшін», - деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасының орынбасары Роза Бисикенова.

Палата сарапшылары кәсіптік бөлмелер үшін арнайы Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығының түрлі салаларында, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікте түрлі биіктерді бағындырған табысты адамдары туралы альбомдар даярлады.

Оқушылардың өздері берілген материалды қызығушылықпен зерделейді, және де облыстың өндірістік телімдеріндегі болашағы бар жұмыстар туралы салмақпен ойлана бастағандықтарын мойындайды.

№ 11 мектеп-гимназия директоры ШҚО Кәсіпкерлер палатасына түлектер үшін осындай маңызды жобаны жүзеге асырудағы жәрдемі  үшін алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер