«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада «Resto-2021» рестораторлардың алғашқы халықарылық форумы өтеді

2021 жылғы 26 Қараша
686 просмотров

Форум алаңында спикерлер мен рестораторлар еліміздің мейрамхана бизнесін дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылап, кейстерді талдайды. Басқару саласындағы сарапшылар өздерінің білімі мен дағдыларымен бөліседі, тиімді команда құру және бизнесті қалай кеңейту керегін айтады. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Кездесу барысында бизнесмен, «Ресей рестораторлары мен отельерлері федерациясының» президенті, кәсіпкерлер құқығының бұзылуын жою мәселелері жөніндегі қоғамдық омбудсмен, РФ президенті жанындағы ұлттық кеңес жанындағы қонақжайлылық саласындағы ӘКК төрағасы Игорь БУХАРОВ баяндама жасайды.

Сонымен қатар, қонақтар арасында Gōsht group (Gosht мейрамханасы, Gosht Mahalla фаст-фуд мейрамханалар желісі), негізін қалаушы және тең иесі Blackstarburger Uzbekistan компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Абдурашид ИМИНОВ.

Lanzhou тез тамақтану мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Гүлбану МАЙҒАРИНА.

«Тигрус» мейрамхана холдингінің тең негізін қалаушы, президенті (Osteria Mario италиялық мейрамханалар желісі, «Швили» грузин асханасы желісі, BarBQ cafe желісі) Хенрик ВИНТЕР.

Форум туралы толық ақпарат https://resto.associates/ сайтында

Өтетін күні: 2021 жылғы 13 желтоқсан, сағат: 10:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/18 (4.4 блогы)

Байланыс телефоны: Назерке Есеналиева +7 707 757 50 02 («Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті)

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін деректерді bastami.nazerke@gmail.com поштасына 10 желтоқсан сағат 17:00-ге дейін жіберуді сұраймыз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер