«Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығына ие болған кәсіпорындар аталды
Бүгін, 7 желтоқсанда ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты барысында жыл сайынғы «Ұлы дала елі» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.
Жеңімпаздар үш кезеңде анықталды. Бірінші кезең – өтінімдерді қарау, екінші – комиссия мүшелерінің өндіріске баруы қорытындысы бойынша бағалауы. Үшінші – қоғамдық онлайн-дауыс беру. Дауыс беру нәтижесінде 3 компания «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену құқығына ие болды:
- «Mega Smart» ЖШС (Шымкент қ.);
- «Имени Амангельды» ЖШС (Атырау облысы);
- «Антинген» ғылыми-өндірістік кәсіпорын» ЖШС (Алматы облысы).
Байқаудың негізгі мақсаты – отандық тауар өндірушілер мен экспортқа шығарылатын жоғары сапалы отандық өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ бренді арқылы насихаттай отырып, шетелде еліміздің танымалдығын барынша арттыру. «Ұлы дала елі» ортақ бренді – халықаралық нарықтарда елімізді танытып жүрген үздік отандық тауар өндіруші компанияларға беріледі.
Қатысушыларға қойылған критерийлер;
- өнімнің бір түрін өндірудің жалпы көлемінің кемінде 10% көлеміндегі экспорт үлесі;
- тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету кезіндегі жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);
-халықаралық бизнес-қауымдастықтарға мүшелік;
- лицензиялардың, рұқсаттардың, патенттердің болуы;
- халықаралық марапаттардың, дипломдардың болуы;
- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қаржылық емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы.
Өткен жылдардың жеңімпаздары: http://www.ulydalaeli.kz/ru/index.html
Пікір қалдыру:
Пікірлер: