Кәсіпкерлер Қазақстандағы тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жаңғырту мәселелерін талқылады
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылыс компаниялары мен салалық қауымдастықтар «Қолжетімді тұрғын үй – тұрақты даму факторы» атты халықаралық конференция аясында тұрғын үйге қолжетімділік және оны басқару, сондай-ақ тұрғын үй қорын энергетикалық жаңғырту мәселелерін талқылады.
Конференция PROMHOUSE жобасын іске асыру шеңберінде «Атамекен» ҰКП және «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (IWO) бастамасымен ұйымдастырылды. Оның мақсаты – құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту арқылы Орталық Азияда жеке секторды дамыту және экономиканы әртараптандыруды ынталандыру, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстандағы тұрғын үй қорын басқару секторындағы жеке компаниялардың әлеуетін нығайту.
Конференцияға мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілдері, салалық қауымдастықтар мен нарық субъектілері қатысты.
«Қазақстанда мемлекет халықты жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне, оның ішінде негізгі шаралары халықтың көпшілігіне қолжетімді тұрғын үй құрылысын ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар арқылы көп көңіл бөледі. Бизнес тұрғын үй құрылысын дамытуға айтарлықтай үлес қоса отырып, мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысады», – деп атап өтті конференцияның ашылуында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша 2017-2020 жылдар аралығында республикада 52 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бір тұрғынға шаққанда 0,81 шаршы метрге жетті. Қазіргі уақытта тұрғын үй саясатын реформалау жүргізіліп жатыр, жалдау ақысын субсидиялау механизмдері енгізілуде, жеңілдікпен несие беру жалғастырылады», – ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Ыдырысов.
Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсен отырыста Одақтың Қазақстанмен берік дипломатиялық қатынастар орнатқанын, ЕО-ның «Central Asia Invest» бағдарламасы тарапынан қаржыландырылатын PROMHOUSE жобасы берік қатынастардың үлгісі болғанын атап өтті.
«Жоба ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, EPCA-ның жүзеге асырылуына ықпал етеді. EPCA Қазақстанға тұрғын үй құрылысын қоса алғанда, экономиканың түрлі секторында бизнесті дамыту үшін жақсы қолайлы жасауға көмектесу үшін озық еуропалық тәжірибе мен ноу-хау алмасуға жәрдемдесуге бағытталған», – деді Йоханнес Стенбаек Мэдсен.
Спикердің айтуынша, егер үй шаруашылығы бастапқы шығындарды, жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер мен ұзақ мерзімді төлемдер сияқты басқа да шығындарды төлей алса, сонымен бірге ең төменгі өмір сүру деңгейін сақтай алса, тұрғын үй қолжетімді болады. Бүгінгі таңда көптеген еуропалық азаматтар үшін бұл мәселені шешу оңай емес, өйткені тұрғын үй құны отбасылық бюджеттің көп бөлігін алады.
Ал қазақстандықтар өз баспана жағдайын жақсарту үшін қандай шара қолданатыны жайында «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Зәуреш Батталова айтып берді. Ол тұрғын үйге сұраныстың өсуі, еңбекақымен бірге оның өзіндік құнының өсуі проблемаларына егжей-тегжей тоқталды, сондай-ақ конференцияға қатысушыларға тұрғын үйдің қолжетімділігі тақырыбында мыңнан астам қазақстандық қатысқан сауалнама нәтижелерін ұсынды.
Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 30%-дан астамы олар тұрғын үй сатып алуға қандай да бір әрекет жасау пайдасыз деп санайды, өйткені олар оның мүмкіндігіне сенбейді.
Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының президенті Виктор Микрюков Қазақстандағы әлеуметтік тұрғын үй құрылысына басқа елдермен салыстырмалы талдау жасады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік шиеленісті төмендету жөніндегі проблемалардың тез шешілуі оң әсер болды, ал қалалардың дұрыс – теріс нәтиже көрсеткен.
«Біз мемлекет пен жеке құрылыс салушылар коллаборацияға кіретін үш механизмді ұсынамыз. Олардың бірі, әкімдік жер телімін бөлген кезде, оны инженерлік коммуникациялармен және муниципалдық паркингпен қамтамасыз етеді. Ал құрылыс салушы жайлы тұрғын үй салады, оның бір бөлігін әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж адамдар арасында бөлу үшін әкімдікке береді», – деп бөлісті Виктор Микрюков.
Конференцияда ғимараттарды энергетикалық жаңғырту тақырыбына көп көңіл бөлінді. «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» бастамасы жобаларының жетекшісі Лариса Шреккенбахтың пікірінше, мемлекеттік деңгейде барлық мүдделі тарап: мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, қаржы институттары, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, тұрғын үй қорын энергетикалық жаңғырту стратегиясы әзірленуі тиіс.
«Тұрғын үй қорын кең ауқымды жаңғыртуды жүргізу үшін 4 негізгі аспектіні: құқықтық шеңберлер, тұрғын үй иелері үшін қаржылық қолдау бағдарламалары, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ кең ақпараттық науқанды қамтамасыз ету маңызды», – деп атап өтті Лариса Шрекенбах.
«Біз ескі тұрғын үй қорын жаңғырту мәселесі баяғыда-ақ пісіп-жетілгенін түсінеміз, бұл қажет процесс және оны жүргізу қажет. Бірақ бұл процестің құнын кім төлейді деген сұрақ туындайды. Біз мұны мемлекет жасай алмайтынын түсінеміз, өйткені барлық үйлер жеке меншікте және бұл тұрғындардың міндеті. Сонымен қатар, біз тұрғындардың бүгінгі таңда мұндай ауыртпалықты өз мойнына ала алмайтынын да түсінеміз, өйткені үйді жаңғырту бойынша іс-шаралар өте қымбат. Ал бүгінде халық пайдалану шығындарын төлеу және күрделі жөндеуге ақша жинауға әрдайым мүмкіндігі бола бермейді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович.
Неміс әріптестерінің жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй қорын жаңғыртуға қатысуға қызығушылығы бар ма және мемлекет бұл үшін қандай жағдай жасауы тиіс деген сұрағына Александр Белович сөзсіз қызығушылық бар деп жауап беріп, ықтимал болатын механизммен бөлісті.
«Менің ойымша, пилоттық жоба қажет, оның шеңберінде жеке инвестор өз есебінен тұрғын үйді жаңғыртады, шатырын, қасбетін, қажет болса терезе шынысын және т.б. өзгертеді, ал кейіннен оның шығындарын тұрғындар өтейді. Сонымен бірге, тұрғындардың ағымдағы шығындары өспейді, өзгеріссіз қалады, бірақ инвестор өз шығындарын төлегенге дейін және ең төменгі пайда алғанға дейін пайда болатын «үнемдеуді» өзіне алады. Біздің есептеулеріміз бойынша бұл 10 жылдан аз уақытты алады»,– деді Александр Белович.
Энергетикалық жаңғырту пайдасына энерготиімділік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сарапшы Александр Белый сөз сөйлеп, ҒЭҚ және БҰҰДБ жобалары шеңберінде бес қабатты тұрғын үйлерді энергетикалық жаңғырту туралы айтып берді.
«Энергетикалық жаңғырудағы кедергілердің бірі – үй шаруашылықтарының жылу мен ыстық суға жұмсалатын шығындарының төмендігі», – деп атап өтті Александр Белый.
Конференция соңында сөз сөйлеушілер Ұлттық палатаға, тиісті уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне жіберетін ескі тұрғын үй қорының қолжетімділігі мен энергетикалық жаңғырту проблемаларын шешу үшін ұсынымдар жинады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: