«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқының тәуелсіздік таңы атып, ел егемендігін алғаннан кейін Тұңғыш Президентімізді сайладық.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдік мұрат жолында халқымен бірге мемлекетіміздің іргесін бекемдеп, оның қалыптасуында, бостандық пен әділдіктің, ұлттық бірліктің нығаюында қыруар іс атқарды.
Қымбатты отандастар, осындай айтулы күнде сіздерге шын жүректен зор денсаулық, табыс пен бақ-береке тілеймін! Әр отбасында өзара түсіністік пен келісім мәңгілік болсын!
Ізгі ниетпен,
Тимур Құлыбаев
Пікір қалдыру:
Пікірлер: