«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдер бизнес-қоғамдастығы - ел экономикасының драйвері

2021 жылғы 26 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
6422 просмотров

Орал қаласында «Бизнестегі әйел-табысқа апарар жол!» іске әйелдердің бизнес-форумы өтті. Оның аясында Батыс Қазақстан бизнес ханымдар іскерлік белсенділіктің нәтижесін көрсетті, бизнесті экономикалық қолдау шараларын іске асыру тәжірибесімен бөлісті, өңірде әйелдер кәсіпкерлігін табысты дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Іс-шараны СҚО Іскер әйелдер кеңесі Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.  облыс әкімі Ғали Есқалиев, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының іскер әйелдер кеңесінің өкілдері қатысты.

Форумға онлайн режимде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, ҚР Парламентінің сенаторы Ләззат Рысбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева қатысты.

 БҚО іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова өзінің алғы сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер әйелдерді мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын қабылдауға ерекше көңіл бөлетінін және осы сауатты саясаттың оң нәтижелерін Батыс Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнес өкілдері сезінетінін атап өтті.

 «Егер қазіргі кезде БҚО бойынша шағын және орта бизнестің 50 мыңнан астам субъектісі тіркелген болса, оның тең жартысын әйелдер құрайды. Өңір экономикасының 44,4 пайызын әйелдер жүргізіп отыр», – деп мақтанышпен бөлісті БҚО Әскер әйелдер кеңесінің төрайымы. Бұл ретте қазақстандық әйелдердің іскерлік белсенділігі арқылы елдің миллионнан астам азаматы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

 Ляна Тұрсынова Іскер әйелдер кеңесінің жұмысына тоқталып өтті. «Атамекен» ұлттық палатасы филиалының кеңес беру-ақылдасу органы – БҚО іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қажетті шараларды жан-жақты қолдау мен ілгерілету, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді. Ляна Тұрсынова ауылдық жерлердегі әйелдерді кәсіпкерлікке тарту, кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлерге, оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасын табысты іске асыру арқылы қолдау көрсету жөніндегі кеңестің жүргізіп жатқан жұмысына толығырақ тоқталды.

 «Жобаны іске асыру барысында  аудандар және облыс орталығының 1653 тұрғыны бизнес жүргізу негіздері бойынша оқытудан өтті, оның ішінде 806-і  – әйелдер. Бизнес-жобаларды қаржыландырудың жалпы сомасынан (215 млн теңгеден астам)  42%-ы – «Бастау Бизнес» түлектерінің бизнес-идеялары», — деп хабарлады БҚО іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

 Сөзінің соңында Ляна Тұрсынова БҚО Кәсіпкерлер палатасына директор Нұржан Мақсотовқа, сондай-ақ облыс әкімі Ғали Есқалиевке іскер әйелдер кеңесінің бастамаларына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, іскер әйелдер кеңесінің қызметі экономиканы дамытуға, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті .

  Форум барысында Қарар оқылды, онда жергілікті атқарушы органдардың көмегімен табысты іске асырылуы мүмкін шаралар қамтылған. Мысалы, БҚО-Іскер әйелдер кеңесі Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығын құру, Оралда облыстық қолөнершілер орталығын ашу туралы өтініш білдіруде. Сондай-ақ, қарарда БҚО іскер әйелдер кеңесінің (Қаратөбе, Сырым, Ақжайық) аудандық филиалдарының бастамалары бойынша ұсыныстар бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер