Желтоқсанда «Resto-2021» рестораторлар форумы өтеді
13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының қоғамдық тамақтану қауымдастығы елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Resto-2021» І халықаралық рестораторлар форумын өткізеді.
Форум аясында бизнес пен билік өкілдері қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын дамытудың мәселелері мен перспективаларын талқылайды, пандемия жағдайында бизнесті сақтау және дамытуға көмектесетін қолдау шараларын талқылайды. Іс-шарада Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және көршілес мемлекеттерден келген рестораторлар кәсіби тәжірибесімен бөліседі.
Мәскеу-Нұр-Сұлтан телекөпірі режимінде спикерлер өзекті сұрақтарды талқылайды, оларға бизнес иелері жауап береді.
Ресейдегі реставраторлар мен қонақ үйлер федерациясының сарапшылары нарықтық жағдайды талдау және жақын болашақта осы жағдайдың дамуына батыл болжамдар жасайды. Форум мейрамханаларды басқару саласындағы тәжірибелі ойыншыларға ғана емес, сонымен қатар бизнеске енді қадам басқан кәсіпкерлерге де қызықты болады. Сондай-ақ, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлаған немесе нарықтағы өз позицияларын сақтауға қатысты сұрақтары туындаған рестораторларға да пайдалы болады.
Іс-шарада мейрамхана бизнесі саласында қолданыстағы кейстердің үлкен ауқымы қаралады. Мейрамханаларды басқару саласындағы сарапшылар өз білімі және тәжірибесімен бөліседі, жетістікке жетудің құпияларын ашады, командамен тиімді жұмыс, бизнесті масштабтау және қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері туралы айтады. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы эпидахуал жағдайы бойынша «сары» аймақта болуына байланысты орын саны шектеулі.
Сайттағы іс-шара туралы толығырақ: https://resto.associates/
Пікір қалдыру:
Пікірлер: