Мектеп оқушылары арасында «Beesiness. Омарташы кәсібі» ойыны бойынша шеберлік сабағы өтті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Beesiness. Омарташы кәсібі» отандық үстел бизнес-ойынын үйрету бойынша шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараны кәсіпкерлік негіздері жөніндегі жобалық кеңсе ұйымдастырды. Шеберлік сабағына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні жүргізілетін елорданың 12 мектебінен мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Іс-шараға ойын авторы Алан Өтеғұлов шақырылды, ол 6 ойын үстелінде қатысушылармен бірге ойынға қатысып, бірден ережелерді түсіндірді.
Үстелде ойналатын экономикалық ойын қатысушыларға кәсіпті енді қолға алған бизнесмен болуды ұсынады. Ойын мақсаты табысты бизнесті құрылымдай алу. Ойын экономика, бизнес және қаржы сауаттылығы тақырыптарын қамтиды. Ойын ерекшелігі әр жаңа партия сайын сіз кәібіңізді жаңаша құрылмайдысыз. Әр кез сізге түрлі жол және стратегия ұсынылады, бастысы тиімді бағыт табу.
«Бұл біздің жиналған алғашқы кездесуіміз, бірақ ең соңғысы емес екенін сеніммен айта аламыз. Мұндай турнирлер еліміздің барлық қаласында ұйымдастырылады. Турнир мақсаты: жас буынға геймификация – үстел ойындары арқылы «SOFT SKILLS» жаһандық дағдыларды игеруге көмектесу. «Beesiness. Омарташы кәсібі» ойыны – жастардың бойынша әлеуетті оятатын, сананы серпілтетін, бизнесменге тән қасиеттерді шындайтын расымен пайдалы әрі қызықты ойын», – деді «Атамекен» ҰКП жанындағы кәсіпкерлік негіздері жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Нұғман Жұлдызбаев.
Ойын барысында қатысушылар жеке кәсіп құруда қызықты экономикалық тартысқа түседі. Бастапқы кезеңде әр ойыншыға бірдей старттық мүмкіндік беріледі. Нұр-Сұлтан қаласының мектеп командалары арасында үстел ойыны бойынша қалалық турнир өткізу жоспарлануда. Турнир 2021 жылдың 27 қарашасында №1 мектеп-лицей базасында сағат 11.00-де өтеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: