«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес» түлегі жартылай дайын өнімдер шығаратын цех ашты

2021 жылғы 18 Қараша
- Жетісу облысы
6641 просмотров

Жас кәсіпкер Назгүл Ақжолтаева мемлекеттен грант алып, жартылай дайын өнімдерді өндіру бойынша шағын цех ашты. Кәсіпкер өз өнімімен Қапшағай қаласының маңында орналасқан бес мың тұрғыны бар Шеңгелді қаласын қамтамасыз етіп отыр.

Назгүл Ақжолтаева мамандығы бойынша педагог. Бірақ, өз цехын ашқанға дейін онлайн-бизнеспен айналысты. Назгүл жеке дүкенім болса екен деп армандайтын. Ал жақында жеке өндіріс туралы ойлады. Осылайша Назгүл торттар, бәліштер пісіре бастады, жеміс-жидектен сыйлыққа арналған гүл шоқтарын жинады. Идеяны өндіріспен дамытуға Кәсіпкерлер палатасының Қапшағай қалалық филиалының мамандары көмектесті, онда оған «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша курс оқып, қайтарымсыз грант алуға өтінім беру ұсынылды.

 «Бастау Бизнес» курсынан алынған білім арқылы өңірге талдау жүргіздім. Нәтижесінде халықтың консерванттарсыз, жаңа мұздатылған жартылай дайын өнімдерге  сұранысы барын анықтадым. Мемлекеттік қолдау арқылы шағын цех аштым, енді өз дүкенімді ашу үшін жұмыс істеп жатырмын», – деді кәсіпкер.

«Еңбек» бағдарламасы аясында Назгүл Ақжолтаева 200 АЕК грант алды және осы қаражатқа жартылай дайын өнімдер шығаратын цех үшін жабдық сатып алды. Цехта тұшпараның үш түрі, варениктердің үш түрі, котлеттер, қырыққабат орамы, манти, хинкали, самса, фаршпен бұрыш шығарылады. Ай сайын Damdi Alem брендімен 120 кг өнім шығарылады.

 «Тұшпараларды қолдан түйеміз, қамыр мен еттің сапасын сақтап, химиялық қоспаларды қолданбаймыз. Клиенттерге сақтау мерзімі қысқа, жаңадан мұздатылған өнімдерді ұсынамыз. Көкөністердің шырынын пайдаланып, түрлі-түсті тұшпара сатамыз. Қазір менімен екі адам жұмыс істейді. Келер жылы өнім ассортиментін өсіріп, дүкен ашуды жоспарлап отырмын», – деді кәсіпкер.

 Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» курсымен  3,1 мың жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқыды. Өткен жылдары жоба бойынша оқығандар ішінен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттық қаржыландыру мен жеңілдікті кнесиені 1600-ден астам бизнес-жоба алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер