Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» қаржысы қандай салаларға бөлінді
Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша мақұлданған жобалардың 75%-дан астамы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Үш жылдың ішінде бағдарлама бойынша жалпы сомасы 126,1 млрд теңгеге 220 жобаға несие берілген.
Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оңалбаевтың айтуынша, тамақ өнеркәсібі, туризм және қызмет көрсету, жеңіл өнеркәсіп және ағаш өңдеу, өнеркәсіп, электр энергетикасы және басқа да салалардағы жобаларға жеңілдікпен несие берілді.
«Жалпы бағдарлама бойынша біз құны 154,6 млрд теңге болатын 285 жобадан тұратын жобалар пулын құрдық. Бағдарламаның операторлары – екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясы. Бүгінгі таңда банктер мен корпорация жалпы сомасы 126,1 млрд теңгеге 220 жобаны мақұлдады. Кәсіпкерлік субъектілері қолданыстағы өндірісті кеңейту, мал мен техниканы сатып алу, көктемгі егіс жұмыстарына қаржыландыру алды. Тағы 16 жоба қарауға қойылды. 32 жоба бойынша құжаттарды жинау, бизнес-жоспарларды әзірлеу жүргізілуде», – деді Дәурен Оңалбаев.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысушылардың бірі – Кербұлақ ауданындағы «Бақбол» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 28,5 млн теңге алды.
Іле ауданында «Nauryz Agro LTD» құс фабрикасы 6,2 млрд теңгеге қаржыландырылды. Осы қаражатқа бүгінде өз өндірісі мен өнім ассортиментін кеңейтуде.
«Aluminium of Kazakhstan (Алюминиум оф Казахстан)» ЖШС инвестициялық мақсатқа 500 млн теңге несие алды. Компания өнеркәсіптік металл конструкцияларын өндіреді.
Еске салсақ, Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту аясында басым жобаларға жеңілдікпен беру беру бағдарламасы 2019 жылы іске қосылды. Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және сүйемелдеу үшін «Атамекен» алаңында Жобалық кеңсе құрылды. Оған Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Даму» КДҚ филиалы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы және екінші деңгейдегі банктердің өкілдері тартылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: