«Бастау Бизнес» жобасының түлегі би мектебін ашты
Ақмола облысы Атбасар қаласында «Бастау Бизнес» жобасының түлектері бизнес жүргізуде шығармашылық нишаларды белсенді түрде игеріп жатыр. Йога студиясынан кейін қалада заманауи би мектебі ашылды.
«Би – өзін-өзі көрсету өнері, дене мен жан арасындағы үйлесімділікті сезіну мүмкіндігі. Би билеп, сіз импровизация жасай аласыз, шығармышылықпен айналысып, әр қимыл-қозғалыстан ләззат ала аласыз. Әрине, бұл өзіңізді керемет физикалық күйде ұстаудың тәсілі. Заманауи хореография – қарапайым қайталанатын па-дан бастап, арнайы дайындықты талап ететін кардиотемптегі техникалық күрделі қозғалыстарға дейін сан алуан түрлі», – дейді Атбасар қаласында «JQ dance» заманауи би студиясын ашқан Жанниет Қасымбекова.
Әр түрлі би байқауларына қатысушы, бүгінде жеке студияның жетекшісі, 20 жастағы Жанниет Қасымбекова бала кезінен бимен әуестенді. Оны бимен айналысуда анасы қолдады: костюмдер тігіп, шығармашылық жарыстарда қызына жанкүйер болды, содан кейін өңірде танымал хореограф Ортвин Шлоссердің командасына қосты. Кейін пікірлес құрбыларымен бірге Жанниет алғашқы байқауда-ақ Гран-при жеңіп алған «Anaconda» би тобын құрды. Содан кейін – Нұр-Сұлтан мен Алматыда шеберлік сабқатарын өткізді, оның соңында Жанниет өзінің би мектебін құруға шешім қабылдады.
«Маған ең бастысы – бір орында тұрмай, белгіленген мақсатқа қарай, алға қарай ұмтылу. Жетістіктер тізіміме «Бастау» жобасы қосылды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалында маған алдымен оқудан өтуге кеңес берді, оны аяқтаған соң бонус ретінде грант алуға мүмкіндік болды», – дейді жоба түлегі.
Өзінің бизнес-жоспарында Жанниет қаржыландыру құрылымын егжей-тегжей сипаттады: ол болашақта қандай мақсаттарға қалаған грантты бағыттай алады, сондай-ақ кірістер мен шығыстардың болжамын есептеді.
Нәтижесінде байқау комиссиясы жоба тыңдаушысына 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грантты мақұлдады, осы қаражатқа ол қажетті жабдықты сатып ала алды. Сонымен қатар, ӨКП филиалында балалар ойын-сауық орталығында би мектебіне арналған үй-жай табуға көмектесті.
Бүгінде студияда 6 жастан бастап балалар мен ересектер бимен айналысады. Мұнда көптеген бағыттар ұсынылған: хип-хоп, джеркинг, электрик-буги, шафл және жан рахатына арналған билер.
«Жанниет белсенді жастар өкілі. Ештеңеге қарамастан ол жарқын болашаққа деген құлшынысы сұрапыл. Жоспары көп. Тұтастай алғанда, бүгінде жоғары мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған жаңа бағдарламасы, экономикалық жобалары бар басқа да инновациялық жастар қалыптасуда. Олар сөз сөйлеу және өз ойын білдіру, алға қарай ұмтылу және мүмкін емес нәрсені еңсеруден қорықпайды. Жаңа жалынды буын бізден ең жақсысын алып, болашақ Қазақстанның дамуына жарқын бояулар енгізетініне сенемін», – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Атбасар филиалының директоры Роза Тасмағамбетова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: