Құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижесіне енді Қаржы министрлігінің апелляция комиссиясына шағымдануға болады – «Атамекен»
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кәсіпкерлер құжаттар мен мәліметтерді тексеруден (ҚМТ) кейін камералдық немесе көшпелі кедендік тексеруден өту үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органына өтініш жібере алады. Бұл шараны Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі кеңес барысында қолдады.
Қазіргі кезде мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары құжаттар мен мәліметтерді тексеру түріндегі Кедендік бақылау нысанын қолдану негізінде кәсіпкерлер атына кедендік баждар мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама жібереді. ҰКП мамандары мұндай тексеру бизнес иесінен ұқсас құжаттар сұратылатын камералдық кедендік тексеруден еш айырмашылығы жоқ екенін атап өтті.
«Алайда, егер кедендік заңнама камералдық кедендік тексеруге тексеру мерзімі, негізі түрінде шектеулер белгіленсе, сондай-ақ сол кедендік декларация бойынша қайта тексеруге жол берілмесе, онда ҚМТ үшін ешқандай шектеулер жоқ», – деп «Атамекен» ҚР ҰКП кедендік әкімшілендіру департаментінде айтылды.
Бұдан бөлек, камералдық кеден тексеру аяқталған соң Мемлекеттік кірістер комитеті алдын ала актін рәсімдейді. Кәсіпкерден түсіндіру алынған соң тексерудің түпкілікті актісі ресімделеді. Мұндай тексерудің нәтижелеріне Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясында шағымдануға болады. Ал құжаттар мен мәліметтерді тексеруде салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама қойылады, ал шағымдану үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне немесе сотқа жүгіну қажет.
«Нәтиже қорытындысына комитетте немесе сотта шағымдану ұзаққа созылатын процесс, және көп жағдайда комитет аумақтық органды жақтап шығады. Қарастырылып отырған мәселенің жүйелік сипатын ескере отырып, «Атамекен» оны проблемалық мәселелер тізіліміне қосып, Әлихан Смайыловтың төрағалық етуімен өткен кеңеске қарау үшін шығарды. ҚР Кеден кодексінің нормаларына сәйкес апелляциялық комиссия ҚМТ бойынша шағымдарды қарамайтынын назарға ала отырып, МКК мамандары норманы міндетті түрде көрсете отырып, құжаттар мен мәліметтерге тексеру жүргізу қағидаларын әзірлеуді ұсынды», – деді кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры Дина Мамашева.
Жаңа ережелер бойынша кәсіпкер ҚМТ нәтижесіне шағым түсіретін болса, мемлекеттік кірістердің аумақтық органы камералық немесе көшпелі кедендік тексерісті тағайындауға міндетті болады. Бұл шара сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тексеру нәтижелеріне апелляциялық комиссияға шағымдануға мүмкіндік береді, бұл кәсіпкерлерге өз құқықтарын толық көлемде қорғауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған ережелер әзірлегенге дейін «Атамекен» ҰКП өкілдерінің өтініші бойынша қосымша қаржылық шығындарды болдырмау мақсатында, ҚМТ қорытындылары туралы хабарлама алған кезде кәсіпкерлер МКК аумақтық органына камералдық немесе көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы өтініштер жіберуге құқылы.
2021 жылдың қазанынан бастап апелляциялық комиссия құрамы 8 адамға дейін ұлғайтылды, оның ішінде бизнес-қоғамдастықтың 3 өкілі: «Атамекен» ҰКП, салық төлеушілер қауымдастығы, қазақстандық кеден брокерлері/өкілдері қауымдастығы бар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: