«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен»: жолдарды жөндеу туристік ағынды 1,5 есе арттырады

2021 жылғы 09 Қараша
5499 просмотров

«Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдіктер және турбизнеспен бірлесіп, құрылыс пен жөндеуді қажет ететін туристік нысандарға апаратын жол учаскелері жайында ақпарат жинады. Өңірлер кескінінде барлық жиынтық материал одан әрі пысықтау үшін «Kazakh Тоигіѕм» ҰК» АҚ жобалық кеңсесіне жіберілді.

 Келіп түскен ақпараттың талдауына сәйкес 87 автомобиль жолына құрылыс және жөңдеу жұмыстары қажет екені анықталды. Соның ішінде 47-і (54%) – жергілікті, 21-і (24%) – облыстық, 20-сы (22%) – республикалық маңызы бар жол. 17 бағыт бойынша немесе 1,1 мың шақырым жолға күрделі жөңдеу немесе қайта жөндеу, 964,1 шақырым жолға орташа жөндеу қажет. Сонымен қатар 1,1 мың шақырымыға созылған 26 бағытқа және 27 бағыт бойынша 86,4 шақырым кірме жолдарды салу қажет.

 «Атамекен» мамандары осы бағыттардағы жолдарды қалыпқа келтіру – ішкі туристердің ықтимал ағынын 1,5 есе арттыруға ықпал етеді және жылына 7 миллионнан астам келушіні құрайды деп санайды.

 Мәселен, Ақмола облысында жөндеу жұмыстары қонақтарды орналастыру, шипажай аймақтары, балалар лагерлері және демалыс базаларына апаратын жолдарға қажет екені анықталды. Жалпы қажеттілік – 190,42 шақырым. Соның ішінде Бурабай ауданындағы кірме жолдар – 29,4 шақырым, Біржан сал ауданында – 106 шақырымды құраған. Осы бағыттар бойынша күтілетін жылдық туристік ағын 2,6 млн адамды құрайды.

Ақтөбе облысында Ақтолағай үстіртіне дейін 311 км жол салу қажет, осындағы туристік ағын жылына 10 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

 Алматы облысында 539,1 шақырым автомобиль жолдарын салу және реконструкция жүргізу қажет. Бұл жолдар Алакөл көлі – 269 км және Балқаш көлі – 60 шақырым, Тамғалы тас – 15 км, ыстық қайнарлар – 100 км, шипажай ұйымдарына – 35,1 км апарады. Туристердің әлеуетті ағыны 2,6 млн адамды құрауы мүмкін.

 Атырау облысында ұзындығы 277 шақырымды құрайтын Атырау-Астрахан тас жолына толық жаңарту жұмыстары қажет. Бұл бағыт лотостың гүлдеу орындарына, экстремалды турлар өтетін Нарын құмына апарады. Туристік ағын жылына 2 мың адамға дейін өсуі күтіледі.

 Табиғи көрікті жерлерге бай Шығыс Қазақстан облысында 677 км автомобиль жолдары мен кірме жолдарды жөндеу және салу қажет. Бұл жолдар Батыс Алтай қорығы – 50 км, Бұқтырма су қоймасы – 6 км, Алакөл көлі – 480 км, Дубығалы көлі, Қаракөл – 33 км, «Сауыр» және «Жанат» марал мүйізімен емдеу орталықтары – 50 км, Қатон-Қарай ұлттық табиғи паркіне (46 км) апарады. Күтілетін туристік ағын шамамен 970 мың туристі құрайды.

 Жамбыл облысы Шу ауданында көне Баласағұн шаһарына апаратын 4,4 шақырым кірме жолды салу қажет. Туристердің ағыны 5 мың адамға дейін өседі.

 Батыс Қазақстан облысында Хан Ордасы кентіне апаратын 251 шақырым автожол салу қажет, оның туристік нысандары шекаралас Ресей үшін де тартымды. Күтілетін туристік ағын – жылына 29 мың адамды құрайды.

Қарағанды облысында Қарқаралы ұлттық паркі, туристік базалар, демалыс аймақтары, балалар лагерьлеріне және тағы басқа нысандарға апаратын 201 км автожолдар салу талап етіледі, күтілетін туристік ағын шамамен 200 мың адамды құрайды.

 Қостанай облысында қола дәуірінің «Қамысты» қоныстарына, кесенелер мен мұражайлар, этно-ауыл мен турбазаларға апаратын 259,3 шақырымды құрайтын жолдар салу қажет.  Күтілетін нәтиже – жылына 47,5 мың турист.

 Қызылорда облысында – археологиялық ескерткіштер, кесенелер, ыстық бұлақтар және демалыс аймақтарына – барлығы 16 шақырымды құрайтын жолдар мен кірме жолдар салу керек. Күтілетін нәтиже – жылына 115 мың турист.

 Мыңғыстау облысында жолдың асфальт жабынын қалыпқа келтіріп, Каспий теңізіне апаратын түсе беріс жолды салып, жағалауда автотұрақ абаттандыру қажет, жалпы қажеттілік – 17 км. Күтілетін туристік ағын – жылына 65 мың адам.

Солтүстік Қазақстан облысының автожолдарды қайта құру және салу қажеттілігі – 58,1 км. Бұл жолдар археологиялық қазба жұмыстары, Имантау-Шалқар курорттық аймағының демалыс базаларына апарады. Күтілетін нәтиже – жылына 26 мың турист.

Павлодар облысында Баянауыл курорттық аймағындағы Жасыбай көлі, Торайғыр демалыс аймақтары мен «Мырзашоқы» тау шаңғысы кешеніне 38 шақырымды құрайтын кірме жолдар мен жолдар салу қажет. Техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама барлық бағыттар бойынша бар. Күтілетін туристер ағыны – жылына 100 мың адам.

Түркістан облысы бойынша киелі мәдениет ескерткіштері, ұлттық саябақ, ежелгі қалашықтар, Бұхар бұғылары тәлімбағына апаратын ұзындығы 201,1 км автожолдарды жөндеу және салу қажет. Күтілетін туристер ағыны – 716,3 мың адамды құрайды.

Сондай-ақ Шымкентте «Бүркіт» туристік парашют базасына апаратын 4,5 км автожол салу қажет. Күтілетін туристік ағын жылына қосымша 5 мың адамды құрайды.

Бұл жолдарды салу және қайта құру тұрақты туристік ағымды қамтамасыз етеді, туризммен байланысты салалардың дамуына айтарлықтай серпін береді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер