«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте киім дизайнерлерінің қауымдастығы құрылды

2021 жылғы 02 Қараша
- Шымкент қаласы
10667 просмотров

Қауымдастықтың төрайымы Жанна Елтанова Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында көпшілікке жаңа бірлестікті таныстырды. Қауымдастықтың миссиясы – дизайн саласындағы әрбір маманның тиімді өсуі мен шеберлігін шыңдауға бірлесіп қол жеткізу.

Жаннаның жеке сән үйі бар. Ол  әйелдерге арналған  дизайнерлік киімдер мен аяқ киімдерді жасаушы. Жанна өзінің еңбекқорлығы арқылы қарапайым тігіншіліктен бастап, жеке бренд құру, студия ашу мен өндірісті жолға қоюға дейін маңсаптық жолды өткерген. Бүгінде шебер нарықта не сұранысқа ие, әлеуетті клиенттердің назарын қалай аударып, тиімді жобаларды қалай құруға болатынын біледі. Осы мақаттарға қол жеткізу үшін қауымдастыққа бірігу қажет деп санайды кәсіпкер.

 «Бүгінді дизайнерлердің көбі майдегерлік кәсіппен айналысады, әркім өзінше бөлек. Бұл тиімсіз. Өйткені оларға бәрін жекелей іздеуге тура келеді, кімнен оқып, қайдан білім алуді білмейді. Кейін болжаммен, тәуекелге бел буып, жеке бренд құруға тырысады, дайын өнімді қалай өткізу керегін білмей жатады. Біздің қауымдастық дәл осындай мүмкіндіктерді береді: кейін өніммен республикалық және халықаралық деңгейге шығу үшін оны қалай өтімді ету, дұрыс ұсына білуді үйретеміз», – деп атап өтті Жанна.

 Қауымдастық ұсынатын мүмкіндіктер:

 - қауымдастық өкілінің мәртебесін иелену, яғни түрлі деңгейлерде заңды ұйымының әлеуметтік өкілдігі,

- заңгерлік және кәсіби кеңес беру, соның ішінде авторлық және тұтынушылық құқықтар мәселелері бойынша көмек көрсету,

-қауымдастық өткізетін жобалар – көрмелер, жәрмеңкелер, байқаулар, сән көрсетілімдері, fashion show және модельдер, фото және бейнетүсірілімдер ұсына отырып, түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысу туралы үнемі хабардар етіп отыру,

- жергілікті баға саясатын ескере отырып, зауыт, ателье мен шеберханалардың тігін цехтарында авторлық топтамалары мен киім желілерін уақтылы сату,

-дизайнер/сәнгердің жеке брендингін құру және ілгерілету, логотип пен брендті түсінуден бастап, жарнамалық акциялар, логистика, маркетинг және ыңғайлы show room-да ашық сатылымға дейін қолдау,

-танымал мамандар, модельерлер, психологтар, дизайнерлер, тігін шеберлерінен және т. б. оқыту, тренингтер мен шеберлік сабақтар, бұл дизайнерлерге әрдайым трендте болуға, яғни топ-сатылымда болуға мүмкіндік береді,

 - СММ маркетингі – дүкендер, бутиктер, брендтер, сән үйлері мен сауда маркалары, отандық өндірушілердің өнімдері үшін: кәсіби модельдер қатысуымен сайттар, интернет-желілер үшін фото, видео түсіру. Сонымен қатар аудармашылар, фотографтар, бейнографтар, мобилографтар, стилисттер, визажистер қызметтері, көшпелі түсірілімдерді ұйымдастыру,

- кәсіби өсуді ынталандыру мақсатында жас және тәжірибелі мамандар арасында байқау өткізу.

 Спикердің айтуынша, Дизайнерлер қауымдастығын құруға «Janna Eltanova» сән үйі, «Amanat Eco Group» ЖШС, «Бірінші көліктік телевизия», «Turan Models» модельдік агенттігі, «Art School 2020» ЖШС, «Кенжеғұлова» ЖК басшыларының қолдауымен құрылды. Олар қауымдастықтың құрылтайшылары болды. Бүгінде бірлестіктің құрамында 40 киім дизейнері, суретші, арт-директор бар.

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева Дизайнерлер қауымдастығының дер кезінде құрылғанын атап өтті. Дәл осы кеңестің отырыстарында қауымдастық құру идеясы пайда болды.

 «Шымкент ел ауқымында үшінші қала мәртебесіне ие, бізді білікті тігіншілер мен дизайнерлер баршылық. Бірақ жақында өткен «Алтын Оймақ» республикалық байқауда  қаламыздың атынан бір ғана дизайнер қатысқаны өкінішті. Біздің тігін өндірісіміздің зор әлеуетіне қарамастан кенжелеу бар. Менің ойымша, тігінші өзі жалғыз еңбектенсе,  мысалы, сол әкімдікке келіп,  көмек сұраса, онда сол өтініш – меркантильді қызығушылық ретінде бағалануы мүмкін. Ол қалада жұмыс істейтін 70 мың бизнес субъектінің ішінен оған ғана көмек берілгенін сұрағандай болады. Мен мұндай жағдайларда Палата көмектесетінін білемін. Ал мәселені қауымдастық болып көтергенде жағдай басқа.  Сол әкімдікпен толыққанды сындарлы диалог құрылады, оған қаланың барлық дизайнерлерінің жүйелі мәселесі туралы жеткізу салмақты әрі нәтижелі болады. Сондықтан барлық қатысушылар қауымдастыққа бірігіп, тек артықшылықтарға ие болады», – дейді Алма Архабаева.

 Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мәдина Тұрсынбекова жақын арада қазақстанықтар «Made in Shymkent» отандық брендпен өнімдер жаппай шығарылатынына куә болатынына сенімді. Оның айтуынша, Шымкент  кәсіпкерлікке бейім, креативті адамдар шаһары. Әсіресе өңірде туризм саласы дамып келеді. Өз кезегінде палата құқықтық қолдау, сүйемелдеу немесе сервис қызметтері бойынша көмек көрсетуге дайын.

Дизайнерлер қауымдастығы республикалық және халықаралық деңгейдегі көрсетілімдерге  қатысатын авторлық коллекциялар шығару, отандық өндірушілердің брендін қалыптастыру және Шымкент қаласының мәдениет және fashion-технологиялар орталығы ретіндегі имиджін нығайтуды жоспарлайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер