«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер ерікті вакциналау үшін жауап бере алмайды

2021 жылғы 21 Қазан
5415 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары жұмыс берушілер вакциналау паспорттарын тексере алмайды және қызметкерлердің вакцина салдырмау туралы шешіміне жауап бермейді деп санайды.

 «Кәсіпкер өз қызметкерлерін вакцина салдыруға мәжбүрлей алмайды, өйткені елімізде вакциналау ерікті түрде жүргізіліп жатыр. Осы ретте вакцина салдырмаған қызметкері үшін кәсіпкерге айыппұл салынуы ықтимал. Біздің пікірімізше, заңнамада кемшілік бар, соның салдарынан жұмыс беруші санитар дәрігерлердің талабын орындай алмайды. «Атамекен» бұл мәселені ведомствоаралық комиссияға шығарды, мәселе назарға алынды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Ведомствоаралық комиссия отырысы барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, әділет министрліктеріне бас прокуратура және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, заңдағы қайшылықты егжей-тегжей пысықтауды тапсырды.

 Жиында көтерілген тағы бір мәселе – қазақстандықтардың статусы тиісті деңгейде тексерілмеуі.

 «Біз әріптестеріміздің алаңдаушылығын түсінеміз. Көрші елдерде вирустың жаңа толқыны басталды. Сондықтан «Атамекен» кәсіпкерлерді келуші статусын тіркеуге жауаппен қарауға шақырады. Күн сайын «қызыл» статуспен шамамен 200 азамат қоғамдық тамақтану нысандары, сауда орталықтары, базарлар мен кеңселерге өтуге әрекет етеді. Өткен аптада бизнеске бірқатар жеңілдік жасалды. Енді бизнестің барлық түрі жұмыс істей алады, алайда індет өршісе, кәсіпкерлер қайтадан шектеуге тап болады», – деп атап өтті ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

 Еске салайық, түнгі клубтар «жасыл» статусы бар азаматтарға қызмет көрсете бастады. Осы ретте толымдық шегі 50 пайызға дейін, әр санэпидемиологиялық аймаққа шектеулер қарастырылған. Сонымен қатар Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер