«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда кәсіпкерлерге экономикалық қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша кеңес берілді

2021 жылғы 14 Қазан
- Атырау облысы
10725 просмотров

Мамандардың айтуынша, бизнес жіберетін бұзышулықтардың басым бөлігі салық төлеуден жалтару, жалған шот-фактураларды шығару, мемлекеттік қаражатты жұмсап қою немесе жымқыруға байланысты.

 Осы жылдың 9 айы ішінде Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде 71 қылмыстық іс болды, оның ішінде органның өзі 56 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады немесе іс жүргізіліп жатқан істердің жалпы санының 78,9%-ын құрады. 34 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, соның ішінде 18 қылмыстық іс сотқа жолданды және 16 іс ақталмайтын негіз бойынша қысқартылды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2,8 млрд теңгені құраған. Соның ішінде 2,4 млрд теңге мемлекет пайдасына өтелді. Мұндай ақпаратты бизнеспен кездесу барысында Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы Қаһарман Жәрдемов айтты.

«Мысалы, департамент қызметкерлері «Д» азаматшасымен құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.Ол 2017-2019 жылдар аралығында мемлекетке 715 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтіре отырып, бюджетке салық төлеуден жалтаруға ықпал еткен әртүрлі кәсіпкерлік субъектілерінен жалған шот-фактуралар жазып берген.

Сот үкімімен «Д» азаматша 7 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 5 жылға коммерциялық мекемелерде бухгалтерлік қызметті атқару құқығынан айырылып, қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа алынған мүлігі тәркіленді.  Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары коммерциялық кәсіпорындарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады Кахарман Жәрдемов.

 Осы ретте департамент өкілі күнделікті қызметті жүзеге асыру кезінде, ең алдымен, ШОБ субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу, өңірдің «қауіпті» объектілерін анықтау, оның ішінде экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарында экономикалық және қаржылық қылмыстарды анықтау, сондай-ақ қылмыстарды есептен жасыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша міндеттер қойылғанын айтты.

«Биылғы есептік кезеңде департамент қызметкерлері ШОБ субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілеріне жол бермеді», – деді Қахарман Жәрдемов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер