Қазақстанның ұлттық парктері – экотуризмді дамытудың негізі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, БҰҰДБ және туристік қауымдастықтың бірлесуімен құрылған экотуризмді дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысы өтті.
«Бүгінде Ұлттық парктерге деген қызығушылық қазақстандық туристер арасында күн санап артып келеді. Сондықтан рекреациялық жүктеме, экологиялық және коммерциялық аспектілер арасындағы тепе-теңдікті табу мәселелері өзекті. Әрине, біздің негізгі серіктесіміз – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бізбен бірге жұмыс істеуге келісті. Осы жобалық кеңсе бизнес пен әлеумет үшін алаң болады деп жоспарлап отырмыз», – деді ҚР ҰКП Төралқасы туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева.
Жиында түйткілді мәселелер талқыланып, бизнестің экологиялық туризмді дамытуға қатысты ұсыныстары тыңдалды. Ұлттық парктер аумағында тұрақты туризмді дамыту, «экотуризм», «гид-жолсеріктер» ұғымдарын салалық заңнамада бекіту бойынша қажеттілікті Қазақстан туристік қауымдастығы директорының орынбасары Клара Мамытова ерекше атап өтті.
«Сонымен қатар гидтерді жіктеу енгізу қажет деп санаймыз. Өйткені қазіргі кезде бұл танымал қызмет түріне айналды, тіпті жаппай сипатқа ие болып келеді. Біз «Экологиялық туризм туралы ереже» және «Гид-жол серіктер туралы ережені» әзірледік. Бұл құжаттарды келісіп, бекіту қажет. Бұдан бөлек, қауымдастықта гидтер тізілімі бар, оны көпшілікке ұсынуға дайынбыз», – деді Клара Мамытова.
«Биыл Қазақстанда барлық гид туралы мәліметтерді цифрландыру жөніндегі жобаны аяқтаймыз. Жоба нәтижесінде бірыңғай цифрлық тізілім, гидтердің деректер базасы құрылады, ол жаңартылатын болады. Әрбір гидке QR-код беріледі, код бойынша гид туралы ақпарат алуға болады» – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.
Жиында сонымен қатар рекреациялық жүктеме мәселесі талқыланды. Кейбір Ұлттық паркте келушілердің күрт өскені байқалады. Жалғыз аяқ жолдарға жүктеме түсіп жатыр, сондықтан жаңа маршруттарды әзірлеу қажеттілігі бар.
«Нарық дамып жатыр, сертификаты жоқ гидтер және лицензиясыз жұмыс істейтін туристік фирма көп. Егер нарық реттелетін болса, заңды туристік фирмаларды саны артады, жауапты адамдар көбееді, жұмыс істеу жеңілдейді. Жауапты мамандар арқылы біз ұлттық парктерде туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірледік, ол бойынша біз қауымдастықтар және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-пен тығыз жұмыс істейміз» – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғымбаев.
Жиын шеңберінде «Qazaq Geography» РҚБ-ның «Шарын», «Алтынемел» ұлттық парктерін жайластыру бойынша жүргізілген жұмыстар және оларды одан әрі дамыту тұжырымдамасы туралы презентациясы жасалды.
«Алтынемел», «Шарын» ұлттық парктері аумағында ғылыми-табиғи жұмыстар, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Құрылыс салуға қауіпті аумақтар анықталды, түзетулер енгізілді», – деп хабарлады жобалау және халықаралық қызмет департаментінің директоры Леонид Кочетов.
«Шарын» ұлттық паркіне арақашықтықтарды белгілеумен тақта, ағаш кесектері, навигациялық нұсқауыштар, шолу алаңдарында ақпараттық стендтер, беседкалар, грот, қоқыс жәшіктері, тыйым салу белгілері, ауыз су бұрқақтары, эко-дәретханалар, ұялы байланыс антеннасы орнатылды. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелері, қамалдар даласының жалпы картасы көрсетілген баннерлер ілінді», – деді «Qazaq Geography» РҚБ өкілі Жәнібек Әлкеев.
Айта кетейік, талқылауға қатысушылар «Алтынемел» және «Шарын» ұлттық паркілерін жабдықтау бойынша жұмысты жоғары бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша ҰКП, ҚР ЭГТРМ, Туризм индустриясы комитеті және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ арасында төрт жақты жол картасын әзірлеу және қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бір жылдан кейін жобалық кеңсенің жұмысын қорытындылау үшін экотуризм бойынша конференция ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда.
«Экотуризмді дамыту бойынша бірлескен жол картасына қол қоюды ұсынамын. Шамамен бір жылдан кейін тұрақты туризм бойынша конференция өткізу керек, онда біз жобалық кеңсенің қайтарымы көрінуі үшін жұмыс қорытындыларымен бөлісетін боламыз», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: