«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ведомствоаралық комиссия отырысында санитар дәрігерлердің бұзушылықтары жайында апта сайын ақпарат береді

2021 жылғы 07 Қазан
4693 просмотров

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың тыйымы және Қазақстанда сырқаттанушылықтың төмендеуіне қарамастан, өңірлік санитарлық дәрігерлер бизнес үшін жұмыс істеу ережелерін қатаңдатуды жалғастырып жатыр.

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осындай жағдайларға, өңірлік санитар дәрігерлер тарапынан бұзушылықтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Бұл фактілер жайында ведомствоаралық комиссия отырысында апта сайын ақпарат береміз», – деп атап өтті Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Кәсіпкерлер палатасына өңірлік бас санитар дәрігерлердің қызметіне қатысты шағымдар Алматы қаласы, Ақмола және Атырау облыстарынан түскен.

 Мысалы, «сары» аймақтағы Ақмола облысында «жасыл» статусы бар азаматтар көрмелерге бара алады. Алайда залға келушілер саны сыйымдылықтан 50%-дан аспай, бір мезгілде 50 адамнан артық болмауы керек. Ал бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысында көрмелер 70%-ға дейін, бірақ 300 адамнан аспайтын толымдық рұқсат етілген. Ал салтанат, еске алу, отбасылық іс-шараларда келушілер саны 20 орынға азайтылды.

 «Кәсіпкерлер бізге осы жағдайды түсініп, неліктен өңірлік дәрігерлер қаулыны бұзып,  бас санитарлық дәрігер белгілеген ережелер бойынша жұмыс істеуге рұқсат бермейді деген сұраққа жауап беру үшін жиі жүгіне бастады.  Мұндай шектеулер Ashyq жобасының қатысушы-кәсіпкерлердің жұмысына теріс әсер етеді. Олардың біреуі лидер болды, бірақ соған қарамастан олар шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

 Тағы бір мәседе – кешігіп шығатын өңірлік қаулылар. ҰКП сарапшылары бірқатар өңірде құжат үнемі кешігіп шығатынны анықтады.

 Еске салсақ, 24 қыркүйектегі №44 қаулының 5-тармағында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлары үшін: «осы қаулы «жасыл», «сары» және «қою қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз және осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жобаға (Ashyq – ҰКП)  жаңа қатысшыларды қосу құқығынсыз  басшылыққа беріледі» делінген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер