«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ведомстволық корпоративтің бірбеткей шешімі жеке детективтік қызметтің кәсіпкерліктің дербес түрі ретінде дамуына кедергі келтіреді

2021 жылғы 07 Қазан
4749 просмотров

2021 жылғы 7 қазанда «Атамекен» ҰКП алаңында Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдар, бизнес және қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Кеңесте жеке детективтік қызмет туралы мәселе қаралды.

Қайырбек Сүлейменов Қазақстанда жеке детективтерді тоғыз жыл бұрын заңдастыру керек болғанын айтты. Жеке детективтік қызмет институтын енгізу туралы тапсырма Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.

2013 жылы Үкімет «Жеке детективтік қызмет туралы» Заң жобасын әзірлеп, Парламент қарауына шығарды.  Кейін әзірлеуші жекелеген министрліктер мен ведомстволардың принципті наразылығына байланысты құжатты кері қайтарып алды.

«... Шектен тыс қайта сақтандыру, ықтимал қатерлер мен тәуекелдердің туындауын қайта бағалау, мемлекет пен жеке сектор арасында бәсекелестіктің қалыптасуын болжау, құқық қорғау және арнайы органдардың қоғамдық тәртіпті қорғауға, қылмыспен күресуге және оның алдын алуға, азаматтарды заңсыз және қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға монополиялық құқығын сақтайды», – деп атап өтті Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Жеке детективтік  қызмет кәсіпкерліктің дербес түрі ретінде ұлттық заңнама тұрғысында танылмаған. Дегенмен жалпы әлемдік тәжірибе  өркениетті елдердің кәсіпкерлік қызметтің осы түрін мойындағанын көрсетеді. Заңнамада жеке тыңшылық қызметін жүзеге асыруға тыйым жоқ. Жеке тыңшылық институтының қазіргі жағдайы заңсыз. Бұл қызметті жеке күзет кәсіпорындары, коммерциялық кәсіпорындардың (банктердің) қауіпсіздік қызметтері, сондай-ақ жеке тұлғалар жабық формада жүзеге асырады.

Бұл ретте жеке тыңшылық қызметін құқықтық реттеудің болмауы осындай қызмет көрсететін тұлғаларға салық, лицензиялық және бюджетке басқа да міндетті төлмедерді төлеуден жалтаруға мүмкіндік береді.  Олар клиенттер алдында заңды жауапкершілікке тартылмайды және мемлекеттік органдардың бақылауында болмайды. Сонымен қатар, жеке детективтік қызметтің заңдылығы бұл салаға қылмыстық құрылымдарды тарта алады, олар жабық түрде жеке тыңшылық қызметтерін қылмыстық мақсатта қолдана алады.

Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау құқығы, кез келген монополиялық жағдай сияқты ұсынылатын қызметтердің тоқырауына және сапасының нашарлауына әкеледі. 2020 жылы барлық мемлекеттік билік органы мен олардың лауазымды тұлғаларының шағым жасалған 71 мыңға жуық шешімі мен әрекетінің (70 927) 11 мыңға жуығы құқық қорғау органдарына (10 898) тиесілі, бұл 15,3%-ды құрайды. 2020 жылы Сот төрелігі мәселелері бойынша 15 мыңға жуық шағым (14980) берілді. Бұл – барлық өтініш санының 19,6%-ы (76 364). Әкімшілік полиция қызметінің мәселелері бойынша 2 мыңнан астам шағым келіп түсті. (2036) Бұл – полиция атына келіп түскен барлық өтініштердің 7,7%-ы (26 434); тыңшылық мәселелері бойынша 8,5 мыңнан астам шағым (8 656) немесе жалпы өтініштердің 13%-ы (66 256). Мұндай сандар тек алаңдаушылық тудырып қана қоймай, құқық қорғау саласындағы маңызды проблемалардың  назар аударарлық сигналы саналады.

Кеңеске қатысушылар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жауапкершілік – қоғамға, соның ішінде бизнеске де жүктелуі тиіс деп санайды. Мемлекет «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңның тұжырымдамасымен толық қамтылатын қылмыс пен оның салдары үшін ынтымақтасып, жауапкершіліктің ауыртпалығын бірлесіп көтеруі тиіс.      

Мемлекеттік органдардың жеке детективтік қызметті регламенттеу жөніндегі позициясын азаматтар, заңды тұлғалар, соның ішінде кәсіпқой-құқық қорғау органдары құптамайды. Кеңес төрағасының айтуынша, зерттеу нәтижелері және құқықтық статистиканың нақты деректері жеке қауіпсіздік жүйесін қолданыстағы монополияландыру  жеткілікті деңгейде тиімді емес. Заңды және жеке тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғау осы салаға жеке тыңшы қызметі субъектілерін тартқан жағдайда нәтижелі болар еді.

«Құқықтық реттеуді қабылдау жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін құруға және жеке детектив қызметтердің кәсіби нарығының дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға оң әсер етеді», – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес барысында Әділет министрлігі, ІІМ және Бас прокуратураға ұсыныстар жасалды. Әділет министрлігіне «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын әзірлеу, ал Ішкі істер министрлігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, оның тұжырымдамасын қарастыру ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер