«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының құрамы жаңарды

2021 жылғы 29 Қыркүйек
6209 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқасының жаңа мүшелері қатарында Мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова және Ирина Унжакова, сенатор Дәурен Әділбеков, ҰКП басқарма төрағасының экс-орынбасары  Юлия Якупбаева, сондай-ақ ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев, KEGOC басшысы Қаныш Молдабаев бар. Олардың кандидатурасын «Атамекен» ҰКП съезінің делегаттарды қолдады.

Төралқаға жаңа мерзімге барлығы 33 мүше – 16 қоғам қайраткері және 17 салалық комитет төрағасы қайта сайланды.

Төралқа – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқару органы. ҚР ҰКП Төралқасының мүшелерін сайлау және қызметінен босату съездің айрықша құзыретіне жатады.

Ұлттық палатаның Төралқасы 51 мүшеден: депутаттар мен қоғам қайраткерлері, салалық комитеттер мен өңірлік кәсіпкерлер кеңестерінің төрағалары, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілден тұрады. 33 мүше әр  төрт жыл сайын сайланады.

Депутаттар арасынан төралқа мүшелері Гүлжан Қарағұсова мен Кеңес Абсатировтың өкілеттігі олардың депутаттар ретіндегі жұмысының аяқталуына байланысты тоқтатылды. Олардың орнына сенатор Дәурен Әділбеков пен Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова келді.

Төралқадағы қызметін комитет төрағалары Сауат Мыңбаев, Алмасадам Сатқалиев, Талғат Доскенов, Павел Казанцев аяқтады. Жаңа құрамдағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев логистика және тасымалдау комитетіне басшы болды; «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қаныш Молдабаев энергтика секторының мәселелерімен айналысады; депутат Ирина Смирнова Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағалығына сайланып, жастар кәсіпкерлігі және әлеуметтік салаға жетекшілік етеді; Юлия Якупбаева туристік сала комитетін басқаруға алды.

Ұлттық палатаның Төралқасын төраға басқарады. Съезд делегаттарының шешімімен Тимур Құлыбаев Төралқа басшысы лауазымына қайта сайланды.

Тимур Құлыбаев төралқа мүшелерінің жаңартылған құрамын құттықтап, ҰКП-да қызметін аяқтаған мүшелерге атқарған жұмысы мен сенімі үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

 2021 жылғы 28 қыркүйекте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезі өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Мәжіліс депутаттары, өңірлердің әкімдері және ҰКП-да аккредиттелген қауымдастықтар мен «Атамекен» өңірлік кеңестерінің өкілдерінен 373 делегат қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер