«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбедегі бастаушы кәсіпкерлер шағын бизнес үшін ерікті мүшелік жарналар енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрауда

2014 жылғы 12 Мамыр
8161 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасының атына Ақтөбе қаласының ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкері Қуаныш Сұлтановтан алғыс хат келіп түсті, онда кәсіпкер Ұлттық палатаға құрылыс саласындағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру аясындағы жұмысы үшін алғыс айтады, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін ерікті мүшелік жарналар енгізуді ұсынады.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шынымен де көмек көрсетеді. Мен сіздерге шағын бизнес өкілдері үшін ерікті мүшелік жарнаны енгізу туралы ұсыныс енгізуді ұсынамын. Біз ҰКП маңайында бірігуге тиіс екендігімізді, бұл жарналардың Палатаны дамытуға қажеттігін түсінуіміз керек», - дейді бизнесмен өз хатында.

Сонымен бірге Қуаныш Сұлтанов Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының тиімді қызметі ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін айтарлықтай қолдау болып табылатындығын атап өткен және ҰКП-ға бүкіл бизнес-қоғамдастықтың құрылыс, қала құрылысы және сәулет жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардағы мүддесін алға тартқаны үшін ризашылығын білдіреді.

«Біз Ақтөбе облысының ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлері Сізге және Досанов А.А. тұлғасындағы Құрылыс комитетінің хатшылығына ҰКП сарапшыларының біздің мүддемізді қорғап шыққаны және ведомствоаралық комиссияның 3.02-43-2007 ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерінің 6.10 тармағына толықтырулар енгізу бойынша ұсынысты қабылдағаны үшін алғыс айтамыз», - деп қорытты Қ. Сұлтанов.

Бұл кәсіпкерлердің шағын бизнес үшін ерікті мүшелік жарналарды енгізу ұсынысымен алға шыққан жалғыз жағдай емес екендігін айта кету керек.

Осындай бастамамен Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына «Қаз Қағаз» ЖШС директоры Мақсат Түмәлиев те өтініш білдірген болатын.

«Шағын бизнес өкілдерінің міндетті мүшелік жарна төлемейтіні белгілі. Бірақ ӨКП сарапшылары маған шынымен де көмек көрсетіп, өндірістің тұралап қалуына жол бермегеннен соң, мен шағын бизнес өкілдері үшін ерікті мүшелік жарна енгізу бастамасын алға тартуды шештім. Оның үстіне бұл қаражат Қазақстанның экономикасы мен отандық бизнесті дамытуға жұмсалады», - дейді Мақсат Түмәлиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер