«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 17 Қыркүйек
- Павлодар облысы
5747 просмотров

Аталмыш кездесуге Палата директоры Серік Сәдуақасов қатысты. 

Отырыс жұмысын Өңірлік кеңестің төрағасы Қобланбек Қожин өткізді. 
Талқыға өңірлік кеңеспен өңіріміздің кәсіпкерлерінен жиналатын бизнес сұрақтары салынды. Кәсіпкерлер палатасы арқылы талқылаудан кейін осы сұрақтарды шешуге қатысты ұсыныстар «Атамекен» орталық аппаратына және жергілікті атқару органдарына бағытталады. 

Бұған дейін павлодарлық кәсікерлердің түрлі кездесулер, кеңестер, байланыстың арналары (әлеуметтік желілер, телефон, ватсапп) арқылы келіп түскен сұрақтары енді талқылауға салынды. 

Көтерілген сұрақтардың бірі – кәсіпкерлердің облыс орталығы салық органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдары. 

Мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдерінен тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесі негізінде қосылған құн салығын басқаруды жетілдіру жөніндегі пилоттық жоба аясында камералық бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзу жөніндегі хабарландырулар жіберіліп отырады. 

Хабарландырулар жобамен бекітілген ережелер мен мерзімдерге сәйкес жіберіледі. 

Осы Ережелерге сәйкес бағытталған хабарландырулар оларды алу сәтінен бастап 5 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады. 

Ал бұл уақыт кәсіпкерлердің басым көпшілігі үшін ыңғайсыз! 

Екінші мәселе: қаржы-шаруашылық операцияларды жүзеге асыру фактісін растайтын өлшемдердің жоқтығы. 
Бар жұмысты өзі жүргізетін кәсіпкерлерге жұмыскерлер санын қосуға қатысты өтініштер бірнеше рет түскен. 

Отырыс жұмысының қорытындылары бойынша осы сұрақты Заң шығарушы билікпен және Парламентпен бұдан әрі талқылау үшін Палатаның орталық аппаратына бағыттау шешімі қабылдады. 

Өңірлік кеңестің ұсынысы: бұл пилоттық жобаның күші жойылуы немесе оған түзетулер енгізілуі тиіс. 

Атап айтқанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүргізуді растау өлшемдерін нақты жазу, шоттар бұғаттауының күшін жою (жоба пилоттық болғандықтан), хабарландыруға жауап беру күндер санын арттыру қажет. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер