«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жуалы тұрғыны шағын несие алып, шаруасын кеңейтті

2021 жылғы 17 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
3733 просмотров

«Атамекен Тараз» микроаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген несиеге алғашқылардың бірі болып қол жеткізген «Нұркен» жеке кәсіпкерлігінің басшысы - Сапар Сайдығұлов. Ол - «Бастау Бизнес» жобасының өткен жылғы түлегі.

Кәсіпкер 2021 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданыңда «Бастау Бизнес» жобасында оқып, Өңірлік палатаның бизнес-тренерінің көмегімен жоба әзірлеп, қазіргі таңда, «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы арқылы 6 пайызбен  5,5 млн теңге несие алды. Бұл қаражатқа кәсіпкер 96 бас майда мал (қой) алуды жоспарлап отыр.

«Қазіргі пандемия уақытында мемлекет тарапынан бөлініп отырған мұндай қолдаулар біз сияқты ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге үлкен көмек болмақ. Бұл мүмкіндіктерге өте ризамыз. Әрине кәсіпкерлік жол оңай емес, бірде құлайсың, бірде жығыласың. Алайда үлкен еңбек пен талпыныстың арқасында  белгілеген мақсатыңа жетесің. Өткен жылы оқу барысында да түсінбеген, білмеген ақпаратымыз болды. Дегенмен, бизнес тренерлеріміздің білімінің арқасында бүгінде адал еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмын», - дейді Сапар Сайдығұлов.

«Атамекен Тараз» микроқаржы  ұйымының директоры Рүстем Әбдірахмановтың айтуынша, қазіргі таңда Тараз қаласы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары арқылы шағын несиелендіруге құжаттарды қабылдау белсенді жүргізіліп жатыр. Республика бойынша «Атамекен Тараз» МҚҰ көш бастап тұр. Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының  қызметкерлері құжаттарды шұғыл жинауға және қабылдап алу жұмыстарына көмектеседі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы бойынша микроқаржы ұйымдарына жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында 22,5 млрд теңге бөлінді, соның 1,8 млрд теңгесі Жамбыл облысына берілді. Қазір елімізде осы бөлінген  қаражаттың арқасында кәсіпкерлерге  шағын несие беру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қазіргі таңда  Жамбыл облысы бойынша  6  пайызбен несие алуға  942,18 млн теңге  сомасында  168 өтінім қабылданып, соның ішінде микроқаржы ұйымымен 237 млн теңге сомасында  51 өтінім мақұлданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер