«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында қызметкері 100 пайыз вакцина алған кәсіпорындар бар

2021 жылғы 06 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
7066 просмотров

Қарағанды облысындағы денсаулық сақтау, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді түрде вакцина салдырып жатыр. 

 Вакциналау науқаны басталғалы бері бірнеше ай өткен соң Қарағанды облысында бұл мәселеге оң көзқарас қалыптастып келеді. Бұрынғы наразылық басылған. Кәсіпкерлердің пікірінше, қызметкерлердің вакцина салдыруы қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Облыс орталығында СOVID-19-ға қарсы екпені алғашқы болып «Гиппократ» клиникасының қызметкерлері салдыра бастады. Бүгін компания қызметкерлерінің 100%-ы алған. Осылайша, кәсіпорында ұжымдық иммунитет қалыптасты.

 «Бизнес ұжымдық иммунитет арқылы ғана қауіпсіздікті арттырып, індетті жеңуге болатынын түсінеді. Облыста қызметкерлері вакцина салдырған шағын және ірі жүздеген кәсіпорын жұмыс істейді. Қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану және сауда саласында екпені қызметкерлердің 100 пайызы салдырған кәсіпорындар да бар», – деді Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

«Гиппократ» клиникасы 2017 жылдан бері Теміртау және Қарағандыда екі мемлекеттік емхананы сенімді басқаруға алған. 

«Бізде медициналық анықтамасы барлардан бөлек қызметкерлердің бәрі вакцина салдырды.  Компания басшылары екпені 2021 жылдың ақпанында алған. Былтыр біз медициналық мекеме ретінде коронавирусты жұқтырған науқастарды қабылдай бастадық. Сондықтан   алғашқылардың бірі болып өз қызметкерлерін ең тиімді жолмен қорғау, яғни жүз пайыз вакциналау бойынша шаралар қабылданды. Біздің қызметкерлер «Спутник V» вакцинасын салдырды», – деп атап өтті «Гиппократ»  емханасының бас дәрігері Нәзира Қозжанова.

 Былтыр пандемия салдарынан Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған кезде «Гиппократ» клиникасының стационары 350 орынға шақталған пульмо-провизорлық және инфекциялық госпитальға ауыстырылды. Өткен күзде клиникада СOVID-19-ға ПТР-талдау зертханасы ашылды. Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін компанияның бас директоры Надежда Хохлова 2021 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталды.

 Көпсалалы медициналық орталық бірегей заманауи аппараттармен жабдықталған.  Орталықта түрлі профильдегі үздік мамандар жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер