«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда ірі кәсіпорын қызметкерлерінің 90%-ы вакцина салдырды

2021 жылғы 01 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
7168 просмотров

Бұл ұжым коронавирусқа қарсы вакцина салдыру мәселесіне жауаппен қарап, нәтижесінде қызметкерлердің 90%-ы  екпе салдырды.

 Вакциналауға дейін кәсіпорын басшылығы қызметкерлерге  түсіндіру жұмысын жүргізді. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Квант» ЖШС-да вакцинаның екінші компонентін 525 адам салдырды, 23 адамның медициналық анықтамасы бар.

 «Квант» ЖШС кадр бөлімінің менеджері Ирина Ли қызметкерлермен келісіп, кәсіпорынға №2 қалалық емхананың мейірбикелері келгенін айтты. Қызметкерлердің басым бөлігі вакцинаны өндірістен алшақтамай қабылдады. Ал вакцинаны медициналық ұйымда салдырғысы келген қызметкерлер өз таңдауын жасады.

 «Біразы рейсейлік вакцина салдырды, бірі – қытай, енді бірі араб вакцинасын таңдады. Екпеге реакция әркімде әрқалай болды, қуанышқа орай екпенің ешкімнің денсаулығына кері әсері болған жоқ. Қызметкерлер вакциналауға түсіністікпен қарады, өйткені әркім өзіне ғана емес, жақындары, әріптестерінің денсаулығы үшін де өз жауапкершілігін түсінеді.

 Жаппай вакциналау – ұжымдық иммунитетті қалыпастырудағы маңызды шара екенін түсіну керек. Жақындарымызды жоғалтқымыз келмейді. Сондықтан вакцина салдырудан қорықпау керек, екпе алған адам өз ағзасын вирусқа қарсы шыңдайды», – деп санайды кадр қызметінің маманы.

 Айта кетейік, БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша өңірде 30 ірі кәсіпорын ішінен (олардың қатарында «Квант» ЖШС бар) 9 кәсіпорынның ұжымы вакцина салдырудан жоғары көрсеткіш көрсетті. Еңбек ұжымдарының сұрауы бойынша вакциналауды кәсіпорындарда жүргізу мүмкіндігі жасалып, қалалық емханалардан медициналық бригадалардың  10 ұйымға баруы ұйымдастырылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер