«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес»: қызылордалық аквапринт қызметін көрсетеді

2021 жылғы 26 Тамыз
- Қызылорда облысы
7223 просмотров

«Бастау Бизнес» жобасының түлегі Жанатбек Қазалы ауданы үшін жаңа кәсіп түрін қолға алды. Ол аквапринт қызметін ұсынады.

Жанатбек үшін кәсібітұрақты табыс көзіне айналды. Ол жобаға дейін көпір салушы құрылысшылармен бірге жұмыс істеген. Тапсырыс қай өңірден түседі, сол жақта жұмыс істеуге мәжбүр болған.Үнемі жолда болуқиындық тудырған соң Жанатбектұрақты бір саланы таңдауға шешім қабылдайды.

Жас кәсіпкер Алматыға барғанда көлік әрлеумен айналысатын мамандардың аквапринтпен жұмыс істеу тәсілін көреді. Қызығушылығы оянып, осы бағытты зерттеуді қолға алады.

«Маған аквапринтті үйрену бастапқыда қиын болды. Бұл бағытта кәсіби жұмыс істейтін компания Ресейдің Самарасында орналасқан. Бірақ онда оқу өте қымбатқа шығатын болды. Сондықтан өздігімнен іздендім. Интернеттен видео материалдар қарадым. Алматыға барып, мамандардың жұмыс процесін көрдім. Осылайша бұл істің қолымнан қаншалықты келетінін білу үшін азғантай материалдарға тапсырыс беріп, үйде істеп көрдім», – дейді Жанатбек Аманов.

Аквапринт – Қазалы ауданында әрі таныла қоймаған қызмет. Жанатбектіңкәсіпті жүйелі жүргізуі үшін қаржысы, тәжірибесі жеткіліксіз болған. «Бастау Бизнес» жобасы туралы жолдасынан естіп, оқуға өтінім береді.

«Жобадан көп нәрсені үйрендім. Кәсібіме жарнама жасауды, түрлі есептіліктітапсыруды, тіпті адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарына дейін біліп шықтым. Пандемия болғандықтан оқу онлайн болды. Бірақ бизнес-тренеріміз үнемі байланыста болып, барлық сауалымызға уақытылы жауап ала алдық», –дейді бастаулық кәсіпкер.

Жанатбек Аманов жобаның сертификатымен және дайын бизнес-жоспарымен конкурсқа қатысып, «Еңбек» бағдарламасы аясында берілетін 555 мыңтеңге грантты жеңіп алады.

Бастапқыда жаңа кәсіп түрі қазалылықтарға таңсық болып, тапсырыс аз түскен. Оның үстіне шектеу шаралары еркін жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген.

Дегенмен Жанатбек «Бастау Бизнес» жобасы барысында үйренген біліктілігінпайдаланып, әлеуметтік желілер арқылы жарнама беріп, нәтижесінде тұтынушыларының саны артқан.

«Қазір 2 адам болып жұмыс істейміз. Көлігі ескі азаматтар салонын жаңалауға қаржы таба бермеуі мүмкін. Ал аквапринт, яғни фото клеенка арқылы көлік салонын әрлеу, әрі жаңалау өте тиімді. Сұраныс күннен күнге артып келеді» – дейді Жанатбек Аманов.

Айта кетейік, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Қазалы ауданында 2017-2020 жылдары 1288 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, 911 жоба мемлекет тарапынан  қаржыландырылған. Биылға жоспарланған 400 адамның 282-сі сертификатын алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер