«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сауда министрлігі аккредиттеу тарифін көтеруді ұсынды

2021 жылғы 25 Тамыз
6991 просмотров

Сауда министрлігінің алаңында аккредиттеу қызметтерінің құнын арттыру мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдау өтті.

Бұл қызмет түрі  мемлекеттік монополияға жатады және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК ғана жүзеге асырады.

Аккредиттеу туралы куәлік болмаса, сертификаттау органдары мен зертханалар жұмыс істей алмайды.

Айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өсіп, бұған қоса орталықтың тарифтері орташа есеппен 5%-ға қымбаттайтынын ескере отырып, бизнес өкілдері аккредиттеу құнын арттыруға қатысты ұсыныстың себебі айтылады және ол айтарлықтай көтерілмейді деп күткен.

Алайда Ұлттық аккредиттеу орталығы көп ойланбастан мемлекеттік кәсіпорындағы бір сарапшысының күндік жұмысына тарифті бірден 40%-ға –  25 АЕК-тен (72 925 теңге) 35 АЕК-ке (102 095 теңге) дейін көтерген. Нәтижесінде қызмет үшін миллион сома шығады.

Бизнес үшін қазіргі дағдарыс кезінде тарифтің көтерілуі жығылғанға жұдырық болып отыр.

Енді сертификаттау органдары мен зертханалардың шығыны көбейеді. Олар бұған дейін де қымбат деп шағымданатын, енді одан да көп төлейтін болды.

Әрі қарай тізбек бойынша өндірушілер мен импорттаушыларға арналған сертификаттау қызметі өседі, салдарынан тұтынушылар үшін тауар құны да қымбаттайды. Ал тауарлардың 80%-ын сертификаттау керек.

Басқаша айтқанда мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлер санын көбейту (ауызша ақпарат бойынша 100-ден 160 бірлікке дейін (оның ішінде штаттан тыс)  және олардың еңбекақысын арттыру шығындары халықтың иығына түседі.

Ал тарифтің 40%-ға өсуін есептеу тым оңайға соқты – мемлекеттік кәсіпорындар қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд теңгеден астам қаржы жинау керек.

Ол үшін бизнеске мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысы жақсарып, тиімділігі артатыны туралы құрғақ уәде беріледі.

Айта кететін жайт, 2020 жылы мемлекеттік кәсіпорындар тағы бір айла ойлап тапқан – өнімнің қосалқы түрлерін нақтылау бойынша талап енгізілді, яғни барлық мәліметті егжей-тегжей жазу керек.

Сәйкесінше тауарлардың қосалқы түрлері неғұрлым көп болса – соғұрлым көп төлеу қажет болады, бизнес өкілдерінің айтуынша, құн 2 есе арта түседі.

Сондай-ақ, отандық зертханалар ЕАЭО-ның бірыңғай экономикалық кеңістігінде жұмыс істейді және сертификаттар да өзара танылады.

Қазақстандық қызмет құны қымбаттаса, өндірушілер мен импорттаушылар өнімдерін Қырғызстан немесе Ресейде сертификаттай бастайды, көрші елдердің тиімділігі артады.

Кәсіпкерлердің алаңдауы орынды – жыл сайын Қазақстанның сертификаттау нарығы құлдырап барады.

Бүгін қоғамдық тыңдауға қатысқан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері бизнесті тыңдап, дұрыс шешім шығарады деп үміттенеміз.

Біздің ұсынысымыз:

  1. ұсыныстарды бизнеспен кеңінен талқылау, мемлекеттік кәсіпорындар құлқы аспандап кеткен – олар дамыған елдер секілді жұмыс істеп, соған сәйкес пайда тапқысы келеді. Есесіне қызмет көрсету нарығы төмендеп барады;
  2. ішкі процестерді оңтайландыру және цифрландыруды енгізу, соның нәтижесінде бюрократия азайып, үнемділік пайда болады – тариф өсірудің қажеті болмайды;
  3. «жалған сертификаттар» бойынша жұмысты жандандыру – қызметін ашық жүргізетін зертханалар мен сертификаттау органдары үшін жұмыс пайда болады;
  4. бұл бастамаларды ЕАЭО-ның 5 елі үшін енгізу керек, өйткен біз сертфиикаттау нарығын өз бетімізше реттей алмаймыз, нарық – баршамызға ортақ. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер