«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысында фермерлердің несие төлемі кейінге шегерілді

2021 жылғы 25 Тамыз
- Қостанай облысы
10136 просмотров

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте кәсіпкерлер тарапынан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржы институттары алдындағы несиелік міндеттемелерін өтеуді ұзарту ұсынысы шілдеде айтылды. Биыл фермерлер климаттық жағдайларға байланысты қаржылық қиындыққа тап болып, мемлекетттен көмек сұрады. 
 

 «Ұсыныстарды «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратына жібердік. Екі ұсыныс бойынша оң шешім шығарылды. Олардың бірі –  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржы институттары алдындағы несиелік міндеттемелердің мерзімін ұзарту және «Азық-түлік келісімшарт» АҚ корпорациясында форвардтық сатып алу келісімшарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу міндеттемелерін орындаудың мерзімін ұзарту. Қазір жергілікті атқарушы органдар осы мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға ниетті шаруалардың тізімін құрып жатыр», – деп хабарлады Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин. 


 Еске салайық, ұсыныстар қатарында инвестициялық субсидиялау бағдарламалары бойынша қосымша бюджет қаражатын бөлу, несиелер және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету, форвардтық, сондай-ақ келісімшартпен сатып алу арқылы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ сатып алатын дақылдар тізбесіне жемшөп дақылдарын енгізу және басқа шаралар бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер