«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда облысында шілдеден бері мониторинг топтар 155 рейд жүргізді

2021 жылғы 17 Тамыз
- Қызылорда облысы
10376 просмотров

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, облыста 167 мониторинг тобы жұмыс істейді. Бір жарым айда InfoKazakhstan.kz сайтында 155 рейд тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазір санитарлық шаралар күшейтілген соң, көптеген кәсіпкерлік субъектінің қызметіне шектеу сақталып отыр. Дегенмен, Ashyq жобасы арқылы кейбір қызмет түрін ашу, жұмыс уақытын ұзарту мәселесі шешіліп жатыр. Кәсіпкерлердің ұсынысы негізінде Үкімет тарапынан қажетті шаралар қабылданды. Соның бірі – мониторинг тобы рейдтерінің алдын ала InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелуі. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, бизнес өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз. Ендігі жерде кәсіпкерлерді де санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл  бірінші кезекте, азаматтардың денсаулығы үшін маңызды», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 1 шілдедегі хаттамасына сәйкес, мониторинг тобының тексеру алгоритміне өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде мониторинг топтар рейдтерді InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелгеннен кейін жүргізетін болды. Сондай-ақ кәсіпкерлер мониторинг тобы рейдінің тіркелген-тіркелмегенін алдын ала тексеріп, кестесін біле алады.

Қазір Қызылорда қаласы мен аудандарда рейдтерді тіркеуді ұйымдастыратын арнайы мамандар бекітілген.

Мониторинг тобы рейдтерінің заңдылығына қатысты мәселе туындаған жағдайда мына мамандарға хабарласуға болады:

-  Тілеужан Ғалымжан Бауыржанұлы, Құқықтық статитика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының аға прокуроры, тел.: 8 /7242/ 27-64-09;

- Жақсылықов Руслан Әділбекұлы, облыстық прокуратураның аға прокуроры, 8 702 018 96 00;

- Қаюпова Аида Жарасқызы, облыстық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің қүқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы, 8 /7242/ 40-09-81, 8 777 456 30 90.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер