«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Енді QR-кодты Onlinebank қосымшасынан алуға болады

2021 жылғы 16 Тамыз
6780 просмотров

Halyk bank қосымшасын қолданушы кәсіпкерлер Ashyq жобасына қатысу үшін Onlinebank веб-нұсқасында бірнеше әрекет арқылы QR-кодты ала алады.

QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Бұл код субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа сәйкестендіру деректерінен тұратын электронды сәйкестендіруші өрнек.

 Onlinebank арқылы компанияны Ashyq жобасына тіркеу жолдары:  

  • Onlinebank жүйесінің веб-нұсқасына кіріңіз.
  • Жеке кабинетке өтіп,  Ashyq функциясын таңдаңыз.
  • Нормалар және маңызды ақпаратпен танысып, сәйкестік актісін алуға өтінім жіберіңіз.
  •  Сәйкестік актісіне өтінім мақұлданған соң, сіз QR-код алуға өтінім жібере аласыз.
  • Ashyq QR-кодын қағазға басып шығара аласыз.

Еске сала кетейік,  Ashyq – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеуге арналған қосымша. Қоғамдық орынға кірмес бұрын келуші смартфон көмегімен арнайы QR-кодты сканерлейді де оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер