«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» жобасының түлегі кондитер цехын ашты

2021 жылғы 16 Тамыз
- Павлодар облысы
18675 просмотров

Екібастұз қаласының тұрғыны, «Бастау» жобасының түлегі өзінің көптен бергі арманын іске асырды. Алтынай Қалиева кәсібін үйде отырып, кондитерлік өнімдерді пісіруден бастады, бүгінде оның өндірістік цехі және екі сауда нүктесі бар.

Кәсіпкерлік қызметті бастағанға дейін Алтынай Қалиева дүкеннің бірінде жалдамалы сатушы болып жұмыс істеді, сондықтан ол сауда саласымен етене таныс.  Ол 2020 жылы «Бастау» жобасына келіп, осы қызмет саласын дамытуды ұйғарды.

Алайда, бастауыш кәсіпкер кондитер болуға қатысты бұрыннан келе жатқан арманын ұмытпады.

 «Алтынай Қалиеваның бөлшек сауда саласында тәжірибесі бар. Сондықтан «Бастау» онлайн курсын аяқтаған соң ол кәсіпкерліктегі қызметін дүкен ашудан бастады. Декреттік демалысты тиімді пайдаланып, келіншек кондитерлік өнімдерді пісіре бастады. Кейінірек жұмысы мен сүйікті ісін үйлестіріп, дамыта бастады. Алтынай күндіз дүкенде сатушы, кешкі уақытта кондитер болды. Осылайша оның бизнесі басталды», – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Қайрат Құсайынов.

 Айта кету керек, кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша өз ісін бастау идеясы кездейсоқ туындаған жоқ, өйткені Алтынай Қалиеваның екінші білімі – «аспаз-кондитер» екен.

«Қазір «Бастау» түлегінің өзіндік сауда-өндірістік цехі, дүкені және кондитерлік өнімдерді сататын сауда орны бар. Аспаздық цех күніне 80 килограммнан астам өнім өндіреді. Жоспарда кәсіпті 5-7 сауда нүктесіне дейін кеңейту және цехты ұлғайту бар. Өнім Altynai брендімен шығарылады», – дейді Қайрат Құсайынов.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Екібастұз филиалының директоры Медият Мұсанап ағымдағы жылы Екібастұз қаласы мен ауыл аймақтың 125 тұрғыны «Бастау» жобасы бойынша оқудан өткенін айтты.

«Қазіргі таңда «Бастау» жобасының түлектерінде «Атамекен-Павлодар» МҚҰ арқылы жылдық 6%-бен несие алу мүмкіндігі пайда болды. Несиені кез келген саладағы жобаға алуға болады. Несиелеу мерзімі – 5 жыл, ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға – 7 жыл. Біз несие алуда толық сүйемелдеу көрсетеміз. «Бастау» түлектерін несиелеу шарттарына қатысты кеңес алуға шақырамыз», – деп атап өтті Медият Мұсанап.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер