«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жанармай құю бекетінде дұрыс орнатылмаған есептеу құралдары кәсіпкерлерді шығынға батырды

2021 жылғы 13 Тамыз
6825 просмотров

«Атамекен» және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жанармай құю бекеттерінде орнатылған бақылау құралдардың жұмысындағы дәлсіздікті анықтау бойынша пилоттық жобаны аяқтады.

 Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесіне деректерді қате жіберудің негізгі себебі – жеткізушілер бақылау-есептеу құралдарын дұрыс орнатпаған. Пилоттық жобаға деректерді жіберу процесінің бұзылғаны жайында хабарлама алған жанармай бекеттері қатысты, барлығы 265 бекет. Пилоттық жоба кезеңіне қатысушылар есептеудің ақпараттық жүйесіне тегін қол жеткізеді. Бұдан бөлек, жанармай станцияларына пилоттық жоба кезінде деректерді қате жібергені үшін айыппұл салынбады.

 ҚР Мемлекеттік кірістер алынған деректерді зерттеп, көп жағдайда бақылау-есептеу құралдарының деректері мен ақпарат жүйесінің деректерінде айырмашылықтың жоғын, бірақ рұқсат етілген дәлсіздік шегінде болмашы ауытқулар барын анықтады.

 Жанармай құю бекеті нақты уақыт режимінде деректерді беру бойынша талаптардың бұзылуының негізгі фактілері:

 -мұнай өнімдерінің қате параметрлері (массаның теріс мәні және/немесе тығыздықтың массаға немесе көлемге сәйкес келмеуі);

-жанармай станциясы есептеу құралының ретке келтіруде 1 мәнін қойған, мұнай өнімдерін жеткізу массасында 0 кг-ні көрсеткен;

 -бақылау-есептеу құралдар деректерінің дерек көзі көрсетілмеген;

-«Су есептеу» және «ОРС жіберу» тетіктері ретке келтірілмеген жағдайлар;

-«Мұнай өнімін жанармай бекетіне жекізу» модулін қате реттеу;

- тығыздық өлшемдерінсіз жанармай станциясында бақылау құралын орнату немесе статистикалық тығыздықты қою:

-бақылау-есептеу құралының өлшеу дәлсіздігін асыру;

 - бақылау-есептеу құралын калибрлік кесте бойынша қате реттеу;

-  бақылау-есептеу құралында дата мен уақыт ретін қате белгілеу;

- ұйым тарапынан бақылау-есептеу құралын қосуға жіберілген тэгтер қате;

-сыртқы көрсеткіштер бойынша бақылау-есептеу құралының консолі қосылған, резервуарлардың мәндерін көрсетіп тұр, бірақ шынайы уақыт режимінде деректерді беруді іске асырмаған жағдайлар;

 Пилоттық жоба процесінде қателер түзетіліп, бақылау-есептеу құралынан деректерді дұрыс беруді реттеу жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде кәсіпкерлер деректердің бұрыс жіберіліп жатқанына немесе мүлде жіберілмей қалғанына тез әрекет етіп отырды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге бақылау-есептеу құралдарынан мұнай өнімдерін жеткізу туралы ақпаратты мониторингілеу және жанармай құю бекетінің резервуарлары бойынша деректермен нақты уақыт режимінде танысу мүмкіндігі берілді.

 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өнімдерін бақылау аспаптары арқылы есепке алу, өткізу, тиеп жөнелту, тасымалдау және тартуды көздейтін норма күшіне енді. Норма елдегі 3,2 мың жанармай құю станцияларын қамтыды.  олардың 1,8 мыңы қалаларда, 1,4 мыңы ауылдық жерлерде орналасқан. Сондықтан кәсіпкерлер шығынға ұшырамауы үшін қателіктерді табу маңызды болды.

 Бақылау-есептеу құралдарынан деректерді беруді бақылауды жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінде «Жекелеген мұнай өнімдерін есептеудің ақпараттық жүйесі» құрылды, оның операторы – «НАТ» АҚ.  Жүйеге қосылу үшін келісімшартқа отыру керек, жүйені қолданудың абоненттік төлемі бір құралға – 4,2 мың теңгені құрайды.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы автожанармай құю станцияларының иелерінен айыппұлдарды болдырмау үшін өздерінің бақылау есептеу құралдарын жоғарыда сипатталған қателерге тексеруді сұрайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер