«Атамекен» экономиканың зардап шеккен секторларын бағалау мақсатында кәсіпкерлерге арналған сауалнаманы іске қосты
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізіп жатыр, оның мақсаты үкіметке бизнестің қазіргі ахуалын көрсету, кәсіпкерліктің дамуына қажетті жаңа тетіктер қалыптастыру.
Сауалнаманың аралық қорытындысы 2021 жылдың 23 тамызында жобалық кеңсенің отырысында жарияланады. «Атамекен» ҰКП қорытынды құжатты үкіметке таныстырады.
Бұл Ұлттық палата жүргізген кезекті сауалнама. Былтыр кәсіпкерлердің кері байланысы арқасында салық демалысы, несие төлемдерін кейінге шегеру, несиелеудің жаңа құралдарын қоса алғанда қолдаудың 4 пакеті қабылданды.
Осындай шаралар бизнесті қалыпта ұстап, мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Сауалнамаға төмендегі сілтеме арқылы қатысуға болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfE2coxObOv8MVa-pWsxR9aeTxJNBDUzmNoaP-bzkfK9iat_g/viewform?usp=sf_link
Пікір қалдыру:
Пікірлер: