«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

100 пайыздық вакциналау

2021 жылғы 12 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
7520 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасының ұжымының 100 пайызы вакцинаның екі компонентін салдырды.  

 Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының (филиалдарын қоса алғанда) штаты 35 адамнан тұрады, оның үшеуінде денсаулығына байланысты медициалық босату бар, тағы үш адамда COVID-19 індетімен ауырғаны себепті вакциналау мерзімі кейінге шегерілген. Қызметкерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинаны қабылдау туралы ұсынысына түсіністікпен қарады және мүмкіндігінше қысқа мерзімде екінші компонентті алуды жөн көрді.

 Айта кету керек, БҚО – COVID-19-ке қарсы  вакцина салдырғандардың үлесі төмен өңірлердің бірі және облыс әлі күнге дейін қызыл аймақта тұр, сондықтан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, БҚО ӨКП ұжымы ұсынымға барынша жауапкершілікпен қарады.

 «Біздің қызметкерлер кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс істейді, келушілерге кеңес береді, сәйкесінше қатер деңгейі жоғары топқа кіреді. Вакцина ұжымдық иммунитетке қажет екенін түсініп, әріптестер вакцинаны артық сұрақтар қоймай, наразылық білдірмей салдырды. Кейбірі дәрігерден кеңес алып, қарсы көрсетілімдер болмаған соң процедурадан өткен. Денсаулығына байланысты үш адам медициналық босату алды. Біздің ұжымнан басқа еңбек ұжымдары үлгі алады деп үміттенеміз, өйткені вакцинациялау қажеттілігі мәселесін дұрыс түсінген жағдайда ғана қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптасады», – деп санайды БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов.

Анықтама: 12 тамыздағы жағдай бойынша БҚО-да 50-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлері вакцинаның екінші компонентімен салдырды. Өңірде вакциналау бойынша кеме жөндеу зауыты, «БҚКСМ» кірпіш зауыты» АҚ көш басында,  онда 100-пайыздық вакциналау (қызметкерлер саны 300 адамнан астам) жүргізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер