Оқытушылардың кәсіпкерлік біліктілігін арттыру курсы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының курс оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту білім беру бағдарламасы бойынша оқытушының біліктілігін арттыру курсын өткізуді жоспарлап отыр.
«Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары оқу бағдарламасын зерделеуге және оқытушылардың кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамытуға, жағдаяттық талдау әдісі негізінде оқыту техникасын қолдануға, оқу үдерісін геймификациялауға және ресурстарды жоспарлау мен пайдаланудың әдістері мен нысандарын қолдана білуге бағытталған.
Оқыту қатысушылары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары болып табылады. 2021 жылға курсты тындаушылар саны 499 болады. Оқу мерзімі – 10 күн, ұзақтығы - 80 академиялық сағат.
Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнін оқытуды іске асыратын оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлерімен жүргізіледі.
Білім беру процесі интерактивті формалар мен оқыту тәсілдері кіреді: дәріс, семинар, практикалық жұмыстар, тренинг, шағын сабақтарды (микрооқыту) презентациялау, кейстер әдісі, PBL жобалық оқыту әдісі, бейне-фильмдерді талқыға салу, сондай ақ, қатысушының оқытушымен өзіндік жұмысы, шағын топтарда жұмыс жасау, оқытуға бағытталған ойындар мен онлайн технологиялар, кері байланыс, шеберлік сабағы, жеке портфолиоларды қорғау.
Оқудың алғашқы легі 2021 жылдың 26 шілдесінен 6 тамызға дейін басталады. Курстарды онлайн режимінде қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы өткізу жоспарланған. Оқу нәтижелері бойынша сертификат беріледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: