«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік Қазақстан облысында не экспортталады?

2021 жылғы 10 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
8062 просмотров

2021 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге тауарлардың шығу түбін растайтын 1600-ден астам сертификат берді, олардың 1400-і – экспорттаушыларға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдың наурызынан бастап тауарлардың шығу түбі туралы сертификаттарды рәсімдеуді жүзеге асырады. Бұл құжат тауардың шығыралыған елін, біздің жағдайда құжат Қазақстанды растайды және оны кәсіпкерлер кедендік рәсімдерді орындау кезінде пайдаланады.

Палатада кәсіпкерлер сертификаттардың бірнеше түрін рәсімдей алады.  

 «Мәселен, «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификат тауардың шығарылған елін растау үшін ғана емес, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алулар бойынша байқауларға қатысушылар үшін қажет. Бұдан бөлек, экспортқа сертификаттар беріледі. «СТ-1» сертификаты ТМД аумағында жарамды. «А» үлгісіндегі сертификат кәсіпкерлерге Еуродаққа мүше бірнеше елде жеңілдіктер береді. Өзбекстанға «СТ-1» үлгісінде  жеке сертификат бар. Осындай тағы бірнеше сертификат бар. Айта кетелік, осы жылдың 1 мамырынан бастап «А» үлгісіндегі сертфиикатты екі ел – Норвегия мен Швейцария қабылдамайды. Осы елде тарифтік жеңілдік алу үшін кәсіпкерлер REX жүйесіне тіркеліп, тіркеу нөмірін алу қажет», – деп түсіндірді СҚО Кәсіпкерлер палатасы Тауарлардың шығу түбін сертификаттау жөніндегі маман Анастасия Марченко.

 Маманның айтуынша, кейбір экспорттық сертификаттар олардың иелеріне импорт елінде артықшылық беретінін, ал кейбіреулері қазақстандық тауардың шығу түбін ғана растайтынын атап өтті. Мәселен, жыл басынан бері СҚО өңірлік палатасы шетелге жіберілген тауарға ресімделген 1461 сертификат берді. Қазіргі уақытта СТ-KZ үлгісінде 213 сертификат берілді. Бүгінгі таңда тауар өндірушілер өңірлік палата арқылы 1674 сертификат рәсімдеді.

 «Өндірушілер мен жүк жөнелтушілерден күнде өтінім түседі. Экспорт географиясы туралы айтатын болсақ, оның ауқымы кең. Облыста «СТ-1» үлгісінде 502 сертификаты Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина, Қырғызстан және Түркіменстан бағытына берілді. 293 сертификат Өзбекстан бағытына рәсімделді. Жыл басынан бері біз 609 «түпнұсқа» сертификатын бердік. Бұл сертификат Еуроодақ елдерінде қолданылады»,  – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметов.

 Өзбекстанға Қазақстанна әдетте бидай, кебек және бидай крахмалы тасымалданады. Қырғызстан мен Тәжікстанға, сондай-ақ  Ресейге солтүстік өңір бидай экспорттайды. Сонымен қатар, отандық макарон өнімдері, мұздатылған жартылай фабрикаттар, мұздатылған балық, сүт өнімдері, бидай глютені, бидай крахмалы, зығыр, рапс және соя Ресей Федерациясына жіберіледі. Украинаға қарақұмық, бидай крахмалы, жасымық және зығыр экспортталады. Сондай-ақ, жыл басынан бері көптеген түрлі тауарлар Еуроодақ елдеріне экспортталды. Иранға арпа, бидай, Ауғанстанға – ұн, тауық жұмыртқасы, Қытайға – бидай және зығыр майы, Түркияға – қатты бидай мен жасымық жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер