«Атамекен» ҚР ҰҚП съезі 23 қыркүйекте онлайн форматта өтеді
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) Төралқасы Съезд шақыруға шешім қабылдағанын хабарлайды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі 2021 жылы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де өтеді.
Съезд бейне-конференц байланыс (zoom) пен онлайн дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, онлайн форматта өтеді.
Съезге қатысуға арналған сілтемелер толық нұсқаулықпен қоса, қатысушылардың электрон пошталарына алдын ала жолданады.
Съезд қатысушыларын бейне-конференц байланысқа жəне онлайн дауыс беру жүйесінде тіркеу (авторизациялау) 2021 жылғы 23 қыркүйекте сағат 13.00-де басталып, 2021 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де аяқталады.
Күн тəртібінде:
1. ҰКП-ның кейбір ішкі құжатына өзгерістер енгізу және оларды бекіту;
2. ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі;
3. ҰКП Ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту;
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҰКП қызметінің қорытындысы бойынша жыл сайынғы есепті бекіту;
5. Міндетті мүшелік жарналарды төлеудің кейбір мәселесі;
6. Өзге де мəселелер талқыланады.
Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдар Съезд қатысушыларының атына электрон байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданады.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 91-93-00, 1432
Пікір қалдыру:
Пікірлер: