«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бастау Бизнес: бесінші лекке өтінім қабылдау басталады

2021 жылғы 06 Тамыз
1931 просмотров

2021 жылғы 9-13 тамыз аралығында «Бастау Бизнес» жобасының бесінші легіне өтінім қабылданады.

«Бастау Бизнес» жобасының биылғы бесінші легінде 2,6 мыңнан аса адамды оқыту жоспарланып отыр. Кәсіп бастауды көздеп отырған қазақстандықтар жобаға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан оқуға жолдама алу керек. Сол жолдама мен жеке куәліктің көшірмесін қосып, өтінімді atameken.co сайты арқылы онлайн жіберу керек.

Жобаға кімдер қатыса алады?

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын азаматтар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабы 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және қандастар бизнесті бастау курсына қатыса алады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Курс ұзақтығы – 21 күн. Оның қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер