«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП сарапшылары ЕЭО Кедендік кодексі жобасын даярлау бойынша сараптау тобының алтыншы отырысына қатысады

2014 жылғы 11 Мамыр
8333 просмотров

19-30 мамыр аралығында Мәскеуде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасын даярлау бойынша сараптау тобының 6-отырысына қатысады.

Кеден заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс тобының жанынан құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасын даярлау бойынша сараптау тобының алтыншы отырысы 2014 жылғы 19-30 мамыр аралығында өткізілетін болады (мекен-жайы: Мәскеу қ., Летниковская көш., 2-үй, 1-құр., «D» корпусы, 702-бөлме).

Сараптау тобы отырысының барысында келесі мәселелерді қарастыру жоспарлануда:

1. Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне (бұдан әрі – Одақтың КК) кеден операцияларын жасаушы тұлғаларға бірегей сәйкестендіру номерін беру жолымен сәйкестендіру туралы ережені қосу бойынша ұсыныстары.

2. Одақтың КК жобасының еркін кеден аймағы, еркін қойма және арнайы кеден процедуралары кеден процедураларына қатысты ережелері.

3. Одақтың КК жобасының кедендік бақылау, тәуекелдерді басқару жүйесі, кеден сараптамасы, оларда кеден органдарының тауарлар мен құжаттарды ұстап алуына қатысты ережелері.

4. Одақтың КК жобасының кедендік төлемдерге қатысты сараптау тобының алдыңғы өткен отырыс барысында қарастырылмаған ережелері, сондай-ақ 2014 жылғы 20 мамырдағы Жұмыс тобының отырыс нәтижелері бойынша жасап бітірілуге тиіс тауарлар жіктемесі, тауарлардың шыққан жері және тауарлардың кедендік құнына қатысты ережелері.

Өткізу кестесін, осы отырыстың күн тәртібін және материалдарын мына жерден қараңыз.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды келесі мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз: h.sabirov@palata.kz, e.karimova@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер